Сұрақ: Көшеде таратылған діни кітаптарды алуға бола ма?
Жауап: Көшеде қандай да бір діни мазмұндағы әдебиеттерді тарату және оны уағыздау – заңсыз. Мейлі ол исламдық немесе басқа бір діни ұйымдарға қатысты болсын. Егер де соның куәсі болсақ, онда ол туралы құзіретті (102) органдарға хабарлау қажет.
Қазақстан Республикасының «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» заңының 9-бабы 2-тармағында діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек ғибадат үйлерінде, діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ, жергілікті атқарушы орган арнайы белгілеген стационарлы панажайларда ғана таратуға болатыны айтылған. Облыс, қала әкімінің қаулысы негізінде діни дүкендердің орны айқындалады. Аталған діни дүкендердегі әдебиеттерді пайдалануға болады.
Ескерту: Діни әдебиеттерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министірлігінің Дін істері комитетінің сараптамасының оң қорытындысынан кейін пайдалануға рұқсат етіледі.
Икрам АЙТАЕВ