– Бақытты сезіну үшін күйзелісті бастан өткізу керек.
– Табысқа жету үшін сәтсіздікке ұшырап көру керек.
– Жақсылықты айыру үшін жамандықты көру керек.
– Сүйіспеншілікті сезіну үшін жек көрушілікті көру керек.
– Жеңісті сезіну үшін жеңіліп көру керек.
– Рақатты білу үшін ауруды сезу керек.
Қашанда екі қарама-қарсылықты көргенде ғана, оларды жақсы білетін болады. Қарсы жақты білмейінше, адам баласы әрбір нығметтің қадірін толық сезіне алмайды.
Уа Алла! Бізді жоқшылықта сабыр етіп, баршылықта шүкір ететін мұсылмандардан қыла гөр!
Дайындаған Х.Аманқұлов