Сол жігіт бірде абақтыға қамалады. Имам мәнжайды білгенде, қаланың әкіміне жолығып, көршісін босатыпты. Екеуі бірге қайтып келе жатқанда, қылығына ұялған жігіт «өзіңізге жамандығы болмаса, жақсылығы жоқ адамды неге түрмеден шығарам деп әурелендіңіз?», – деп сұрапты.
Сонда үлкен парасат егесі имам: «Жігітім, сен қандай адам болсаң да, менің көршімсің. Көршіге жақсылық жасау – мұсылмандардың міндеті. Мен өз міндетімді ғана орындадым. Қайта кешірек естіп, кештеу қамдандым ба деп өкініп келемін», – деп жауап беріпті.
Кейіннен әлгі жігіт тәубаға келіп, имамның шәкірті болған деседі…
Қ.САБЫРЖАНҰЛЫ