Анкарадағы Билькент университетінің ғалымдары SARS-CoV-2 коронавирусын он секунд ішінде анықтайтын құрылғы жасап шығарды.
Diagnovir деп аталатын құрылғы сілекей үлгілерінде коронавирусты анықтай алады. Сынама арнайы ерітіндімен араластырылып, патогенді анықтау чипіне орналастырылады, ал егер биосенсор патогеннің бар екенін анықтаса, оптикалық жүйе түсін өзгертеді. Бүкіл талдау процесі он секундтан аспайды.
Ғалымдар құрылғының тиімділігі 99 пайызға жетеді деп мәлімдеп отыр. Технологияны түрік мамандары жеті айда жасаған және болашақта SARS-CoV-2 коронавирусы ғана емес, сонымен қатар басқа вирустарды да анықтау мақсатында қолданылуы мүмкін.
Жаңа құрылғыны патенттеу жоспарлануда.