Білім – ырыс қазығы. Адам баласы тікелей білім алу арқылы, даналыққа ұмтылады. Ал, көркем мінез – адам бойындағы ең құнды қасиет. Мінезі жайдары жанның жүзі нұрланып, айналасына шуағын төгіп, ортасына сыйлы болатыны белгілі. Білім мен көркем мінез – нағыз мүміннің екі дүниеде де дәрежесін биік етеді.