Кейде адамдар «Мен көп дұға жасаймын? Бірақ олар қабылданбайды» деп жатады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) осындай сұрақтарға жауап болатын тағылымын қалдырған.
Сахаба Әбу Сағид әл-Худрий риуаят еткен хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Мұсылман баласы күнә іс болмаған және туысқандық қатынасты үзуге бағытталмаған бір дұға жасаса, Алла оған үш жауаптың бірін береді, олар: не дұға-тілегін лезде кешіктірмей қабыл етеді, не қиямет күнге сақтап қояды, немесе дұға-тілегіне тең келетін жамандықты қайтарады», дейді. Сонда мұны естіген сахабалар: «Ондай болса дұғаны көп-көп жасайық» дейді. Алла Елшісі (с.ғ.с.) де: «Алла одан да көп (яғни, жомарт)», делінген.
Ұлы Жаратушы – өз пендесінің тілегін қабыл етуші. Оның тек ниеті таза болуы керек.
Тұрар ӘБУОВ