Сұрақ: Кеден салығы төленбеген темекі және ұялы телефон секілді заттардың саудасымен айналысуға бола ма?
Жауап: Ислам діні адамдарды діннің рұқсат еткен істерімен шұғылдануға, күнделікті ішіп-жемін адал жолмен табуға шақырады.
Шет мемлекеттен заңсыз мал әкеліп сату құл ақысын жеу болып саналатындықтан, дінде рұқсат етілмеген. Осыған сәйкес, заңсыз әкелінген заттан алынған табыс та халал емес.
Мемлекеттің заңынан жалтарған кез келген әрекет халыққа да опасыздық емес пе? ал халыққа опасыз болуы дініміз қостамайтыны сөзсіз.