Сұрақ: Конституцияның қай бабында мемлекеттік тіл жайлы айтылған?
Жауап: Ата Заңымыздың 7-бабында:
“1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады” делінген.
Қазіргі таңда мемлекеттік тілдің қоғам өміріндегі маңызы күн санап арта түсуде. Жас ұрпақтың тілі ана тілінде шығып, қазақ тілінде білім алуына, басқа да тілдерді жетік меңгеруіне толық мүмкіншілік жасалған. А.Байтұрсынов: «Ана тілінде еркін сөйлеп, шын жүрегіңмен құрметтесең ғана, өзгелерге де ана тіліңді құрметтете аласың», – деген. Тіліміз бен ділімізді асқақта берейік!
Икрам АЙТАЕВ