Сұрақ: Көңіл көтеру мақсатында аңшылыққа шығуға бола ма?
Жауап: Ислам аң аулауға рұқсат бергенімен, аңды көңіл көтеру немесе «демалу» мақсатында аулауға жол бермейді. Құдай Тағала жануарды адамға жесе асы, кисе киімі етіп тарту қылған. Сол үшін егер адам азық табу жолында немесе жабайы аңнан қорғану үшін өлтірсе, әбестік жоқ.
Пайғамбар (оған Алла разы болсын): «Ешбір жандыны нысана ретінде қолданбаңдар!» – деп айтқан. Алла Елшісі бұл әрекеттің халал болмайтындығын, керісінше лағынетке себеп болатынын ескерткен. Ал енді келесі хадисінде: «Кімде-кім себепсіз бір құсты өлтірсе, қиямет күні сол құс Алла Тағалаға: «Уа, Раббым! Пәленше мені пайдасына жарату үшін емес, нақақтан-нақақ өлтірді», деп өзін өлтірген адамның үстінен шағым айтады», – деген.
Қазақ «Судың да сұрауы бар» демекші, ақыретте әрбір амалдың сұрауы болады. Аңға шығып жануарды жайдан жай өлтірмес болар.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ