Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров Венгрия Премьер-Министрі Кеңсесінің шіркеу және этникалық қауымдастықтармен байланыс жөніндегі Мемлекеттік хатшысы Миклош Шолтеспен кездесті.
Іс-шара барысында вице-министр Данияр Қадыров ведомствоның жетекшілік ететін: медиа, азаматтық қоғам, жастар және отбасы, дін және этносаралық қатынас салалары туралы қысқаша тоқталып өтті.
Кездесуде тараптар мемлекет пен дін, конфессиялар арасында сындарлы қарым-қатынас орнату, адамдардың діни бостандық құқығын қамтамасыз етудің маңызы, дін саласындағы заңнаманы жетілдіру және т.б. сұрақтарды талқылады.