Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Дін істері басқармасының жобалары шеңберінде Қызылжар ауданының балалар-жасөспірімдер мектебінің базасында «Жаңа Қазақстанда терроризмге жол жоқ» атты өңірдің діни қызметкерлері мен халықтың діндар бөлігіне арналған спорттық іс-шаралар кешенінің қорытынды кезеңі өтті.
Іс-шара конфессияаралық келісімді нығайтуға және діни қызметкерлер мен халықтың діндар бөлігі арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталды.
Волейбол жарысына діни қызметкерлер, діни және этномәдени бірлестіктердің өкілдері, халықтың діндар бөлігі, жастар қатысты. Атап айтқанда, “Қызылжар” облыстық орталық мешіті, “Дін Мұхаммед” қалалық мешіті, Петропавл және Булаев Епархиясы, “Дуслык” этномәдени бірлестігі өзара кім мықтыны анықтады. Турнир қорытындысы бойынша «Қызылжар» облыстық орталық мешіті, Петропавл және Булаев Епархиясы ерекшеленді.
Жеңімпаздарға, жүлдегерлерге, қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.