Бүгін Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің тапсырысы аясында Каспий өңірі Болашақ колледжінің мұғалімдеріне «Діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу» тақырыбында семинар өтті.
Семинарды теология ғылымдарының докторанты, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Азамат Нұғманұлы жүргізді.
Шара барысында «Діни сауаттылықты арттыру және діни радикализм қаупін ажыратуға бағытталған» тест семинарға дейін және кейін алынып, алғашқы тестті алу кезінде қатысушылар 15% дұрыс жауап берген болса, шара соңында көрсеткіш 90% өсті.
Деструктивті діни ағымдардың белгілері, олардың діни кошбасшылары, сондай-ақ радикалды идеологтардың дәрістерінде көп қолданылатын «бидғат, такфир, мүшрик, ширк» сөздерінің дәстүрлі ислам тұрғысынан дұрыс анықтамалары берілді.
Сонымен қатар салафизм ағымының мадхали және такфир бағыттары бойынша кең көлемде ақпарат беріліп, слайд форматында ұсынылды.
Діни радикалдану – қоғам, мәдениет, ғылым-білім мен өнерден ажыраған кезде бірден пайда болатын құбылыс екені жеткізілді.
Шара соңында қатысушыларға “Отпан” орталығы тарапынан «Діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу» тақырыбында сертификат табысталды.