Сұрақ: Қандай жағдайда кісі ақысын жеген болып саналамыз? Кісі ақысын жеген адамды Алла кешіре ме?
Жауап: Кісі ақысы дегеніміз – бір кісінің жанына, малына және адами құндылықтарына жасалған орынсыз іс-әрекеттер. Осыған орай, бір адамның орынсыз өлтірілуі, жаралануы, ренжітілуі, малының ұрлануы және тоналуы, ар-намысының қорлануы және намысына тиетін әрекеттер жасалуы кісі ақысын аяққа таптау болып саналады.
Жасалған бір күнәға титімдей болсын кісі ақысы араласса, ақы иесінен кешірім сұрау керек. Себебі, Алла Тағала өз ақысын кешіре алса да, құлдардың арасындағы ақыға келгенде араласпайтынын білдірген.
Мысалы, егер біреудің малын ұрлаған болса, оны қайтару немесе иесінен кешірімін алу қажет.
Әке шешеміз кішкентаймымыздан құлағымызға құйып өсірген кісі ақысын жемеу керектігін, кейде сөзбен адамдарды ренжітіп алатыным бар.