Сұрақ: Кішкентай қыздың орамалсыз намаз оқуына рұқсат па?
Жауап: Егер бұл қыз балиғат жасына толмаған болса, онда намазында ағаттық жоқ.
Пайғамбар (с.ғ.с.): «Алла Тағала балиғат жасына жеткен қыздың әйелдің намазын орамалсыз қабыл алмайды» (Әбу Дәуіт, 596).
Осы хадистен біз балиғат жасына жетпеген, яғни етеккірі келмеген қыздың орамалсыз намаз оқуында тұрған бір ағаттық жоқ екенін көреміз. Балиғат жасына келген қыз бала намазын орамалмен оқуы тиіс екені мәлім. Ал жеті жастан кіші ер балаларға да, қыз балаға да онсыз да, намаз оқу парыз емес. Сондықтан да оның намазға тұрып-тұрмауы немесе намазға орамалмен келіп-келмеуі маңызды емес. Бала оны ойнап жүріп те жасай беруі мүмкін. Бала сонысымен бала болады. Баланың ойын ойнайтын шағын есесімен қайтару керек. Әйтпесе, діннен беті қайтып қалады. Себебі ислам намазды балиғат жасына келген уақыттан бастап міндеттейді.
Өкінішке орай кейбір ата-аналар балаға дінді жақсы көрсетіп емес, мәжбүрлеп ұйретеді. Әрине, мұндай әдістің теріс салдары болуы әбден мүмкін. Соны естен шығарып алмау керек сияқты.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ