Негізінен екі жастың ерл-зайыпты саналуы үшін неке болуы тиіс. Ал неке «ұсыныс» және «қабыл етуден» тұрады. Яғни, қыз бен жігіттің өз ризашылықтарымен бір-бірімен үйленуге келісулері керек. Ал құда түсу немес сырға салу неке болып саналмайды.
Қыз яки ер жігіт «ата-анамыз келісіп қойған екен, енді үйленуіміз қажет» деп еріксіз үйленбейді. Өйткені, отбасын құру жауапты іс болғандықтан оған жеңіл қарауға болмайды. Пайғамбарымыздың өзі (с.ғ.с.) бір сахабаның қызының келісімін алмастан қидыртқан некесін бұзған. Әділетті халифа Омар да (р.а.). «Қыздарыңды қинап үйлендірмеңдер. Олар да сендер секілді жарының жақсы, әдемі болғанын қалайды» деген. Сондықтан, құда түсу мен некені шатастырмау керек.
Алау ӘДІЛБАЕВ,
теология ғылымының докторы