Сұрақ: Кішіпейілділік деген не?
Жауап: Кішіпейілділік – адамның өзін ешкімнен жоғары, артық санамау. Адам Исламда да, заңда да бірдей құқыққа ие. Кішіпейілділік басқаларды құрметтеу, сыйлай білу, кешірімшіл болу. Сондай-ақ, адамның жеткен өз жетістіктеріне, жіберген қателіктеріне сын көзбен қарай білу.
Кішіпейіл болу – аса қасиетті мінез. Өйткені мұндай қасиет жүректен, шынайы көңілмен жасалуға тиіс. Қоғамда адамдарды бір-бірімен жақын байланыстырып тұрған кішіпейілділік қасиет. «Ұлық болсаң, кішік бол» демекші, қасиетсіздіктен Алла сақтасын!
Икрам АЙТАЕВ