1952 жылы негізі қаланған бұл топтың мақсаты – өз «Халифатын» құру. Ұйым көшбасшыларының түпкі ойы саясатқа негізделгендіктен, олар өздерінің экстремистік идеясын жүзеге асыруға ұмтылады.
Олар Қазақстан территориясына 1998 жылдан бастап ене бастап, қарапайым халықты билікке қарсы үгіттеп, ұйымның идеологиясын насихаттайтын парақшалары мен бейнежазбаларын белсенді тарату жолында әрекет етуді бастады.
Олар жекелеген елдерде әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға байланысты туындаған мәселелерді өз мүдделеріне ұтымды пайдаланып, діни, ұлтаралық және конфессияаралық алауыздыққа жол беруге талпынады. Олар ұлттық құндылықтарды, отансүйгіштік ұғымдарын түбегейлі жоққа шығарумен қоса,«исламды қабылдаудан» бас тартқан «дінсіздермен» қарулы қақтығыс жасауды басты құрал ретінде қолданады. Осы ретте, бұл ұйымәртүрлі лаңкестік актілерді жасаудан гөрі тұрғындармен идеологиялық жұмыстар жүргізу тәсілінтиімдірек санайтынын айта кету қажет.
Жалпы, Хизб-ут Тахрир партиясының ұйымдық құрылымы әскериленген сипатты аңғартады. Құрамы 5 адамнан тұратын топтар діни насихат парақшаларын таратып, жастарды өз қатарына тартумен айналысады. Ұйым мүшелері бестіктерден құралған өзге топтармен байланыс орнатып, басшылары арқылы өз мақсаттарын жүзеге асырады. Топтың қалған мүшелері ұйымның нақты жоспарларын білмегендіктен, өз әрекетімен қоғамға қауіп тудыратындарынбілмейді.
Бұл ұйымның іс-әрекеті қиындыққа ұшыраған жандарды «бауырына басып» қамқорлық танытудан басталады. Олар адамдарды өз құрығына түсірудің әдіс-тәсілдерін қоғамдағы ахуалға байланыстыдер кезінде үнемі жаңартып отырады. Көбіне алдап-арбау, жалған уәде беру әдістері басым болады.
Жоғарыда келтірілген деректерге сүйеніп, «Хизбут-Тахрир» партиясын исламды бетперде еткен, «халифатты»құруды аңсайтын, саяси утопиялы ұйым деуге толық негiз бар.Бұл – ислам атын жамылған тек бір ғана экстремистік партияның іс-әрекеті. Бүгінде олардың қарқындай күш алуы әлемдік қауымдастықтың жұмылуын қажет етеді.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 38-сессиясында терроризм мен діни экстремизмге қарсы біртұтас халықаралық майдан ашу мәселесін көтергені барлығымызға мәлім. «Қазақстан терроризм мен экстремизмнің кез келген көрінісін батыл айыптайды. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы әрекеттің әлемдік бірыңғай желісін құруды ұсынамыз» деп мәлімдегені белгілі.
Қазақстан Президенті діни радикализммен күрес барысында оны бейбітсүйгіш исламмен шатастырып алмаудың маңыздылығын, ал экстремизмге тек мәдениетаралық және дінаралық диалог негізінде ғана қарсы тұруға болатынын атап өтті.
Раушан АМАНТАЙ,
Дін істері комитеті Мәдениеттер мен діндердің
халықаралық орталығының жетекші ғылыми қызметкері