Мекке халқы бұл үңгір орналасқан тауды Нұр тауы деп атайды. Үңгірдің кірер ауызы солтүстікке қараған. Ішіне тоғыз адам емін-еркін отыра алады. Ішінің биіктігі орта бойлы кісі тік тұра алатындай шамада.
Хира – ерекше мәртебеге ие болған үңгір. Бұл үңгірде екі дүние сұлтаны Мұхаммедке (с.ғ.с.) пайғамбарлық келді. Хирада Жәбірейіл (ғ.с.) періште әлем Раббысының елшісіне алғашқы Құран аяттарын түсірді. Пайғамбарлықтан алдын Алла елшісі (с.ғ.с.) Хира үңгірінде қылует етіп, құлшылықта болатын. Мұсылмандар анасы Айша (р.а.) «Ол кісі Хира үңгірінде қылуетте қалып, құлшылық ететін[1]»,-дейді.
Ескере кететін жайт, Хира үңгірінде құлшылық ету қажылықтың шартты емес. Жер бетіне Құран аяттарының алғашқы уахи етілген мекен ретінде, тарихи орын ретінде, барып ғибраттануға болады. Алайда, шариғатымызда көрсетілмеген тасын алу, сипалау сияқты іс-әрекеттер жасауға болмайды.
KazIslam.kz