– Доктор Ханифи мырза! «Нұр-Мүбарак» университетіне дәріс оқуға шақырту алғанда қазақстандық студенттер үшін қандай тақырыпты қозғау маңызды деп топшылап едіңіз?
– Қазақстандықтардың көпшілігін түркі тектес халықтардың құрайтындығын білгендіктен шәкірттерге мұсылман түркі халықтары ұстанған Матуриди мен Ханафи мәзһабтары жайында дәріс жүргізудің пайдалы болатындығын ойладым. Осы ретте, Матуриди мектебінің негізін қалаған Имам Матуридидің де Орта азиялық екендігін, яғни Самарқанд шахарында туылған түркі тектес ғалым екендігін айта кеткеніміз орынды.
– Қазір кейбір мұсылман жамағаттарының арасында «Исламда философия жоқ, дінге ойды қосу адастыруға апарады» деген және оған қарсы «Ислам дінінде ойлауға шектеу қоюшы топтардың кесірінен мұсылмандар дамымай, артта қалуда» деген пікірлер бар. Осындай қарама-қайшы қос пікірге ғалым ретінде не айтар едіңіз?
– Алғашқы пікірге қосылмаймын. Исламда философия бар. Философиясыз дін болмайды және өмір сүре алмайды. Философияның негізі де, өзі де – «ойлану». Құранда «ақыл» және «хикмет» сөздері көп қайталанады. Құран адамдарды ойлануға және дүниедегі иләһи хикметтерді түсінуге шақырады. Ислам діні – ақылға сүйенген дін. «Ақылы болмағанның діні де жоқ» ұғымы – Исламда жоққа шығарылуы мүмкін емес қағида. Фараби, Ибн Сина, Ибн Рушд секілді ислам ойшылдары Ислам философиясы мен Ислам мәдениетінің негізінде бүкіл әлемге танылды. Бұны да ешкім жоққа шығара алмайды. Жоққа шығаруға тырысу – надандық.
«Исламға ақылды қосу қауіпті» деген топтардың дінге зиян бергені баршаға аян. Ондай ағымдар негізінен ой жүгіртіп, сұрақ қоятын адамдарды ұната бермейді. Себебі, әр нәрсенің байыбына терең үңіліп ақылға салатын және түсінбей тұрып сенбейтін адамдарды басқару өте қиын. Жат пиғылды ағымның артында тұрған негізгі топ өздерінің идеологиясын жүргізу үшін дінді қару етеді. Олардың ұсынған «бағытына» елдің қарсылық көрсетпестен мойынсұнуын күйттейді. Діннің терең зерттелуі және адамдардың ақыл-пайымына жүгінулері олардың мақсатына кедергі болатындықтан оған барынша тосқауыл келтіреді. Осылайша қоғамның кері қалуына себеп болады.
Адам баласына дінді түсіндіру үшін, Пайғамбарға (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) түскен уахиды зерделеу үшін қашанда зерек ақыл-ойдың маңызы зор.
– Сенім тұрғысында Матуридилік мектепті ұстанатын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына еліміздегі кей мұсылман жамағаттарының келіспеушіліктері байқалып жатады. Осы ретте, Түркияның жағдайы қалай?
– Қазақстанда Матуриди мәзһабының ресми мәзһаб болып бекітілуі қуантарлық жағдай және мен бұл үшін бүкіл қазақ елін шын жүректен құттықтаймын. Матуриди мәзһабы – ата бабаларымыздың сенім тұрғысында ұстанған жолы. Матуридилік мектеп осы өлкелерде пайда болған. Матуриди мәзһабы – заманауи талаптармен санасатын, ғылымға, дамуға жол ашатын мектеп.
Түркияның дін істер басқармасы да Матуриди мәзһабын басшылыққа алып, сол мектепті тарату жолында еңбек етіп келеді. Матуриди мәзһабын әсіресе түркі тектес халықтар көп ұстанады. Матуридилік түркі халықтарының мәзһабы болған және болуын да жалғастыра береді деген сенімдемін.
– Жалпы қарапайым мұсылман үшін ақидаға қатысты мәзһабқа бөлінудің маңызы бар ма? Өйткені бұл мәселе «Раббым – Алла, Пайғамбарым – Мұхаммед (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын)» деген қарапайым халық үшін түсініксіз. Тіпті осы сауалдарға қарап «Біз Ханафи мәзһабы емеспіз бе?»- деп те таң қалуы әбден мүмкін.
– Хас ғалымның мәзһабы болмайды. Оның мәзһаб ұстануға мұқтаждығы жоқ. Бірақ халық мәзһабсыз жүре алмайды. Амал иманға байланысты жүзеге асады. Қабыл етілген сенімдік көзқарастар адамдардың діни өмір салтында көрініс беріп, тіпті оның әр әрекетін белгілейтіндей күшке ие. Мәзһаб әрқилы орталардың діни өмір салтын оңтайландыруының жолы. Мәзһабсыз дін ұстану да мүмкін емес. Орта Азияның жағрапиялық және мәдени ерекшеліктеріне ең лайық сенім тұрғысындағы мәзһаб – Матуриди мәзһабы. Амалдағы мәзһаб болса, Ханафилік. Халық мәзһабсыз болса, оның орнын зиянды пікірлер мен әрекеттер толтырады. Ханафи және Матуриди мәзһабының адам өмірі мен әсіресе түркі халықтары үшін маңыздылығын кеңінен насихаттау керек. Өйткені Матуриди және Ханафи мәзһабында «адам дін үшін емес, дін адам үшін» қағидасы басшылыққа алынады. Шариғаттың міндеті дінді түсіндіру. Адам баласы жаратылғалы бері түскен бір дін, бүкіл пайғамбарлар сол бір ғана дінді түсіндіруге жіберіліп отырған, дін қағидалары ешқашан өзгерген емес, тек шариғат шарттары ғана қоғамға сәйкес өзгеріп отырған.
– Бізде «жүрегім таза, ешкімге жаманшылық ойламаймын. Алла адамдардың жүрегіне қарайды, мен бір Аллаға сенемін» деп құлшылыққа мән бермейтін мұсылмандар көп. Осыған сіздің айтарыңыз…
– Дін ғибадатсыз болмайды. Әр мұсылман ғибадатқа мән беруі ләзім. Ғибадатсыз жүру адамды діннен суытып, тіпті алыстата түседі. Жүректің таза болуы маңызды, бірақ ол дінмен, құлшылықпен қорғауға алынуы керек. Құлшылық – сенімнің «қорғаны».
– Қазір ақида ілімін қай елдің ғалымдары жіті зерттеуде?
– Ақида мәселелері әр мұсылман өлкелерінде зерттелініп келеді. Әсіресе Түркияда жақсы жолға қойылған. Сонымен қатар, зайырлы мемлекеттердің өзінде барлық діндерге тән ақида тақырыптарына теологиялық зерттеулер жүргізіледі. Америка мен Батыс елдеріндегі теология және дін философиясы ғылымдары бұл тақырыптарға қатты мән береді. Әрі олар ақида тақырыптарына, жалпылама, өздерінің мәзһабтарын басшылыққа ала отырып зерттеу жүргізеді.
– Сіз өзіңіз не себепті кәләм саласын таңдадыңыз?
– Мен һәм кәләм, һәм дін философиясының маманымын. Кәләм – Ислам дінінің сенім жүйесімен байланысты. Дін философиясы болса, барлық діндердің сенім жүйесімен байланысты. Кәләмдық тақырыптар діннің негізін құрайды. Ол тақырыптар меңгерілместен Исламның басқа ілімдері де оқытылмайды. Кәләмсіз және философиясыз Ислами ілім бір насихат қана болып, ғылыми дәрежесі жоқ болады. Кәләм мен философия зерттеу жүргізеді, ал Исламның басқа ілімдері болса тек болжам мен қайталау жасайды. Жаңа нәрсе жарыққа шығара алмайды.
– Орта ғасырларда Ислам діні Орта Азияны гүлдендіріп, ғұламалар көптеп шыққан өлкемізде қазір Ислам ғылымы жаңа парақтарын бастап жатыр. Бізге қандай шараларды басты назарға ұстау керек деп ойлайсыз?
– Философия әдебиеттерінде «муғаллим сәни» адамзаттың екінші ұстазы аталған Фараби осы топырақта дүниеге келген ойшыл. Философиялық және кәләмдық тақырыптар бастаған Исламның барлық ілімдері де үйретілуі керек. Алайда заманауи талаптар мен ғылыммен үйлесетін діни түсінік қалыптаспаса Исламның басқа ілімдерінің де қоғамда қиыншылықтың тууына сеп болатындығы тарихтан белгілі. Дінді оқыту дұрыс жүйеге қойылғанда ғана қоғамға өте пайдалы болады. Кері жағдайда, елдегі әртүрлі келеңсіздіктер мен қайшылықтарға апарады. Діннің негізгі мақсаты – адамды бақытты ету екендігін естен шығармауымыз керек.
– Қазақ еліне келген сапарыңыз сәтті, шәкірттеріңізге қайырлы білімдерден болсын! Сөз соңында Атажұртқа келгендегі әсеріңізбен бөліскіміз келеді…
– Қазақстанға келген аз күннің өзі көңіліме ерекше қатты әсер қалдырды. Өзімді бөтен елде жүрмін деп те сезінбедім. Қазақ халқы біз танығандай болып шықты. Ұшақтан түскеннен кейін, әуежайдан шығу үшін сыртқы есіктің қайда екендігін сол жердегі қызметкерден сұрағанымда: «Аға мына жерден шыға аласыз», деп түрік тілінде жол сілтегенде, жүрегім қатты қобалжып кетті. Жылап қоймас үшін өзімді әзер ұстадым. Осы жағдайдың өзі көкейімдегі сөзбен жеткізе алмас көп нәрсені хабарлап тұр деп ойлаймын.
Сұхбаттасқан Айша КЕҢЕСБАЙ