Бұл жағдайға таңданған қонақ:
– Ей, мүміндердің халифасы! Жанып тұрған шамды өшіріп, дәл сондай басқа шамды жақтыңыз, – деді. – мұнда бір хикмет бар ма? – деді.
Мүміндердің халифасы Хазрет Омар (р.а) күлімсіреп былай деді:
– Иә, Абдурахман! Өшіргенім – мемлекеттің шамы (дүниесі), жаққаным – өзімнің шамым. Мемлекеттің жұмысын орындағанда дәулеттің шамын жағуым дұрыс болмайды, сол үшін оны өшіріп, өз шамымды жақтым. Солай етпесем, Аллаға қалай есеп беремін, -деген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ