Кемпір егер ауа-райы жақсы, жылы болса:
– Сұмдық-ай! Ауа-райы тым жақсы болып тұр, менің қызымның дүкенінен ешкім қолшатыр сатып алмайтын болды ғой. Енді не болады? – деп жылайды екен.
Ал, ауа райы бұлтты және жаңбырлы болса кемпір бұл жолы кіші қызын ойлап тағы жылап:
– Сұмдық-ай! Ауа-райы жаңбырлы болып тұр, кіші қызымның кеспелері су болған шығар. Егер де күн шықпаса ол кеспелерін қалай кептіреді? Енді оның кеспесін ешкім алмайтын болды ғой, – дейді екен.
Осылай кемпір әр күнін ауа райының құбылмалығына қарап, біресе үлкен қызын, біресе кіші қызын ойлап қайғырумен өткізеді.
Күндердің күнінде сол кемпірге бір қария жолығады. Қария кемпірдің не үшін бұлай қайғырып, әрдайым жылап жүретінін сұрайды. Кемпір оған мән-жайды баяндап береді. Бірақ, қария жай ғана жымиып былай деді:
– Сен қанша жыласаң да ауа-райын еш өзгерте алмайсың, одан да өз ойыңды өзгерт. Егер күн жылы болса үлкен қызынды ойлама, ол кезде кіші қызыңды ойла да, «Күн жарқырап тұр! Кіші қызымның кеспелері жақсылап кепкен шығар, саудасы жүретін болды» де. Ал, ауа райы жаңбырлы болып тұрса үлкен қызынды ойла да, «Міне, жаңбыр да жауды, үлкен қызымның қолшатырлары жақсы өтетін шығар» деп ойла, – деп кемпірге кеңесін айтады. Кемпір қарияның ақылына ой жүгіртіп алғысын айтып, осылай амал жасай бастайды. Содан бастап кемпір жылауын тоқтатып, ауа-райы қандай болмасын, қыздарын ойлап қуанып жүруді әдетке айналдырады. Осыдан кейін аналарының қуанышын көрген қыздары да шаттыққа бөленді.
Түйін: Егер сіз бір мәселені өзгерте алмасаңыз онда мәселенің өзін емес оның шешілетін басқа жолын қарастырыңыз. Себебі, кез-келген мәселеге басқа бір қырынан қарасаңыз өмірде дәл сол бағытқа қарай өзгереді.
Жалғас АСХАТҰЛЫ