Асыл дінімізде адамның жасаған күнәсі қаншалықты ауыр болса да тәубе есігі әпдайым ашық және Алланың рақымдылығы ойлағанымыздан да аса кең. Үлкен балсын кіші болсын бүкіл күналардың тәубе мен истиғфар арқылы кешірілетігіндігі жайлы аят пен хадистерде айтылған.
Сондықтан, қалайда болсын үлкен күнә жасап қоған адамның осы күнәдан пұшайман болып, Алла Тағалаға тәубе етіп және жақсылық жасағанда, жаханнамда мәнгілік қалмайды. Алла Тағала, мұндай адамдарды қаласа күнәларына байланысты кешіре салады.
Құран Кәрімде; Аллаға серік қосудан өзге бүкіл күнәлардың кешірілетіндегі жайлы баяндалған. «Алла өзіне серік қосқандарды әсте кешірмейді. Ал одан өзге күнәларды істеген құлдарынан қалағаның кешіреді. Кім-де кім Аллаға өзгелерді серік қосса, сұмдық жала жапқан әрі өте күнәға батқан болады» [Ниса, 4/48].
Сондықтан, күнә жасаған адамдардың жасаған күнәларынан пұшайман болып, Алла Тағаладан кешірім сұраулары тиіс. Сонымен қатар, намаз оқып, садақа беру секілді игі істерге мұрындық болса да игі болар еді. Себебі, Ұлы Алла Құран Кәрімде: «Жақсылықтар жамандықтарды жояды.» [Һуд 11/114] деген.
Бір қателік немесе күнәға жабысып қалған адамның өзін осы жағдайға итермелеген себептерді жоюы немесе достарының ортасын ауыстыруы үшін Алладан дұға тілесе дұрыс болады.
Сұрағыма толық жауап бергендеріңіз үшін көп рахмет, біраз мағұлмат алдым