Бізге дейін жеткен деректерке сүйенсек бір кісі Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жанында біреуді мақтайды. Ертесі күні сол кісіні жамандайды. Сонда Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
– Сен кеше оны мақтап едің, бүгін жамандап тұрсың ба? – дейді. Сонда әлгі кісі:
– Уаллаһи, кеше ол жайлы рас айттым. Бүгін жалған сөйлеген жоқпын. Ол кеше мені риза қылған еді, сондықтан ол жайында білетін ең жақсы нәрсені айттым. Бүгін мені ренжітті, сондықтан ол жайында білетін ең жаман нәрсені айттым, – дейді. Сонда Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
– Сөзсіз, шешендікте сиқыр бар, – деді.
Бұл жерде Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оның бұл ісін жақтырмай сиқырға ұқсатқан екен. Сол үшін басқа бір хадисте: «Ащы тіл мен ділмарлық екіжүзділіктің екі бөлшегі» деген екен.
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ
kazislam.kz