Маңғыстау облысы Дін істері басқарамасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 2022 жылдың 24 сәуір күні әйел жамағаты арасында «Кемелдену кедергілері» тақырыбындағы кездесу ұйымдастырылып, шара презентациялық әдіспен өтті.
Жалпы кездесуді РАТТ мүшесі, «Отпан» орталығының басшысы Азамат Тулепов жүргізіп, шараға 50-ге жуық әйел жамағаты қатысты.
Қазір жаһанданудың ең күрделі кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Себебі құндылықтар алмасып, ақ пен қараны ажырату күннен-күнге қиындап бара жатыр.
Осы тұста Дана Абай: «Егер ісім өнсін десең, ретін тап», – деп ұлт көсемі адам баласын алға жылжуға, қоғамның көшінен артта қалмауға, өркениет пен мәдениетпен ілесуге, адамның үздіксіз дамуына шақырып тұрғандай.
Өз уақытын, мақсатын айқындамаған адам қоғамда қандай да бір жетістікке жете алмайды. Сондай-ақ адамның көбі «лоторея, ойын-сауық, пирамида» секілді алаяқ коучтарға, бақсы-балгерлер мен түрлі теріс ағымның құрығына ілінуде. Алданғандардың көбінде ақ-қарасын ажырататын сыни ойлау қабілеті мүлдем қалыптаспаған. Осы жерде тағы да Абайдың мына сөзіне зер салу керек деп ойлаймын:
Ақыл-мизан өлшеу қыл.
Егер қисық көрінсе,
Мейлің таста, мейлің күл.
Егер түзу көрінсе
Ойлай-ойлай құлаққа іл.
Бұл жерде адам баласы кез-келген көкаттының айтқанымен емес, адам еткен еңбегінің жемісін Алладан күту керек деген тұжырым шығады.
Сондай-ақ коуч-треннер Досмухаметова Минзада Пайғамбар былай деп айтқанын жеткізді: «Адамдардың көбі қадіріне жете бермейтін екі нығмет бар, ол – денсаулық және бос уақыт».
Әрбір адам денсаулығы үшін Аллаға сансыз шүкір айтып, денсаулығының барында мүмкіншілікті пайдаланып адамдарға қызмет етуге талпынуы қажет.
Қазіргі қоғамда жат діни топтардың ілімінде адам денсаулығы мен психикасына кері әсер беретін діни ілімдер бар. Кей діни ұйымдарда адам денсаулығына қауіпті руханилық пен діннің физикалық, психикалық жағы анықталуда.
Шара соңында коуч-треннер Минзада ханым әйелдерге өз саласы бойынша мастер-класс жүргізіп, қатысушылар жақсы көңіл күймен тарқасты.