«Дінтанушылар конгресі» қоғамдық бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Kazislam.kz» порталының ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету жұмысы ұйымдастырылды.
Ақпан айы бойынша порталда барлығы 448 материал жарық көрді. Оның ішінде: «Жаңалықтар» – 338, «Мақалалар» – 40 астам, «Сұхбат» – 9, «Сұрақ-жауап» – 30, «Ғибратты әңгіме» – 16, «Сіз білесіз бе?» – 10, «Инфографика» – 4 және видеоматериалдар жарияланды.
Бұл айда мақалалардың тақырыбы түрлі бағытта жазылған. Дегенмен отбасылық құндылықтар мен әйел тақырыбына басымдық берілді. «Исламда әйелді ұруға рұқсат бермеген», «Исламда да әйел теңсіздігі бар ма?», «Елордадағы әйелдеp жaмaғaтына қaтысты арнайы жоба», т.б. материалдар жарияланған.
Сондай-ақ ұлттық мерекелерге теріс ағымдардың көзқарасына қатысты бірқатар материалдар жарияланды. «Наурыз мерекесінің тарихы», «Мерекенің мәні — әсіредіндарлықтан жоғары», «Алғыс айту күні» – бірлігі бекем елдің мерекесі», «Ұлттық мерекелерге діни көзқарас», т.б.
Ақпан айында сайт оқырмандары діни және тарихи тақырыптарға көбірек қызыққаны байқалды. Мұхан Исаханның «Алаштың Ахметсафасы» және «САДУМ дәуіріндегі «Барақ хан» медресесі» мақаласы, сайт редакторы Руслан Бегеннің «Рағайып – жақсылық пен игілікке толы түн» секілді мақалалар оқылымды болды.
Сондай-ақ, сайт аудармашысы Исатай Бердалиевтің «Исламда вакцинаны қолдануға бола ма?» атты мақаласының да оқылымы жоғары болған.
Порталдың «Сұхбат» бөлімінде жарияланған 9 материалдың басым көпшілігі діни білім беру тақырыбы болды. «Образованная молодежь – наша защита и наша надежда!» Жанбота Қарашолақов шетелдегі білім туралы айтса, «Шетелден алған білім – ұлтқа қызмет ете ала ма?» деген материалда Түркияда діни білім алып жатқан кейіпкеріміз, қазақ студенті – Нұрдәулет Қарнақбай екі елдің білім беру жүйесі туралы салыстыра әңгімелеп берді.
Ал «Асан Омаров: Абайы бар халыққа ұстазды сырттан іздеу жараспайды» атты сұхбатында абайтанушы ғалым Асан Омаров «Абайтану» ғылымы мен діни көзқарасы туралы әңгімеледі. «Мектепте дінтану пәні қалай оқытылады?» деген тақырыпты қозғаған сайт редакторы Балжан Қапашева елордадағы №74 мектеп-гимназиясының 9-шы сынып оқушыларының «Зайырлылық және дінтану негіздері» сабағына қатысып, оқытушы Гүлмира Базылбекқызымен әңгімелесіп қайтты.
Сонымен қатар, ақпан айында сайтқа 40 мыңға жуық оқырман кіріп, ақпарат алды. Аудиторияның 75,8 %-ы 18-44 жаста болса, 72,47 %-ы әйелдер, болған.
Қазақстан бойынша сайтқа Алматы (28,16 %), Нұр-Сұлтан (13,83 %), Шымкент (11,74 %) қалалары мен Атырау (8,95 %), Ақтөбе (5,86 %) облыстарынан көбірек кіреді.
Ал жалпы әлем бойынша, сайтқа кіретін оқырмандар санынан алғашқы бестікті Қазақстан, АҚШ, Ресей, Түркия, Монғолия елдері қорытындылап тұр.