«Дінтанушылар конгресі» қоғамдық бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Kazislam.kz» порталының ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету жұмысы ұйымдастырылды.
Сәуір айы бойынша порталда барлығы 470 астам материал жарық көрді. Оның ішінде: 352 – «Жаңалықтар», 30 астам – «Мақалалар», 9 – «Сұхбат», 31 – «Сұрақ-жауап», 18 – «Ғибратты әңгіме», 4 – «Инфографика» және 6 дана «Видео» арнайы айдарларда жарияланған.
Порталға ең көп салынатын материалдар күнделікті «Жаңалықтар» айдары. Ай бойы 479 жаңалық салынған. Жоба бойынша аранайы бағыттарға топтастырылған. Олардың көпшілігі «Мемлекеттік діни саясат» бағытына, «Діни материалдар», «Қоғам, патриотизм» бағыты бойынша отансүйгіштік пен қайырымдылыққа, сондай-ақ «Радикализм, экстремизм» бағыты жайлы терроризмнің алдын алуға қатысты материалдар жарық көрген.
«Мақалалар» айдарында жарияланған материалардың тақырыптары да әр түрлі. Мемлекеттің дін саласындағы саясатына және дәстүрлі ислам құндылықтары, деструктивті діни ағымдардың және экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстарына қатысты, сондай-ақ Рамазан айы, ораза, тарауих намазы, отбасы, әйел және әлемге жайылған індет туралы жазылған.
Сәуір айы бойынша ең көп оқылған мақалаларға келсек, «Ораза — парыз әрі ізгі амал», «Сенім бостандығын қамтамасыз етудің құқықтық өлшемі», «ТОП-5 распространенных фейков об исламе и коронавирусе», «Рамазан – мүминдердің ризығы артатын ай», «Әйел ұрудан қалай арыламыз?», «Арақтың кесірі — адамның өмірі», «Тарауих намазы – Оразаның емес, Рамазан айының сүннеті», «Әйел еркектің өмірін екі есеге жеңілдетеді», «Oтбacы құpу – жaуaпты ic», «Зиялының бacты қacиеті – діндaрлық», «Адам құқығы мен бостандығы – негізгі құндылық», «Бepeкeci мол Бapaғaт түнi», «Індеттен қайтыс болғандар қалай жерленіп жатыр?», «Ақыт Үлімжіұлының «Дəлаилүл-ғақлия» өлеңіндегі діни ой-толғамдар» және басқа да мақалаларды да ерекше атап өтуге болады. Сондай-ақ, қалған материалдар да оқырман қызығушылын тудырды.
Порталдың «Сұрақ-жауап» айдарына 31 сұраққа мамандар тарапынан жауаптар берілген. Олардың ішінде ең көп қаралғандар: «Ислам абақтыға жабуды құптай ма?», «Пітір садақасын кімдер береді?», «Дәстүрлі уағызшы мен «псевдоуағызшы» қалай ажыратылады?», «Пітір садақасын берудің үкімі парыз ба, уәжіп пе?», «Құран лағынет айтады ма?», «Хабаши жамағаты деген кімдер?», «Құранды ұстазсыз оқып үйренуге болады ма?», «Құран «жанға шипа» дегенді қалай түсінеміз?», «Шариғат бойынша зекет қайда жұмсалады?», «Таңертең ұйқыдан тұрғанда дұға оқу шарт па?» секілді қоғамдағы өзекті мәселелерге сарапшылар тарапынан жауаптар берілген.
Ақпараттық-ағартушылық порталында көпшіліктің көкейіндегі сұрақтарға, дін туралы дұрыс түсінік қалыптастыруда, сондай-ақ мемлекеттің дін саласындағы саясатын түсіндіруде «Сұхбат» айдарының рөлі ерекше деп айтуға болады. Сәуір айында порталда 9 сұхбат жарияланған. Оның ішінде: Нұрдаулет Әлмұхановтың «Желі арқылы түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр», «Хасан Аманкулов: Фитр-садака служит для очищения постящегося», «Дулат Халел: Религиозные объединения работают в онлайн-режиме», Ағабек Қонарбайұлының «Мешіт – адам тағдырына қатысты шариғи үкімдер қабылдайтын орын», «Кеншилик Тышканулы: Особенности дерадикализации по опыту «Жусана»», «Нариман Исенов: В чем секрет сорокадневного карантина», «Мирхат Мадияров: На что открыла глаза человечеству мировая пандемия?» және басқа да сұхбаттар қоғамдағы дін тақырыбына қатысты өзекті деген мәселелер қамтылған.
Көпшілік оқырманның қызығушылығын тудыратын «Ғибратты әңгімелер» айдарында 18 ғибратты әңгіме жарияланған.
Сәуір айында порталға инфографикалар мен дін тақырыбына қатысты маңызды 10-н астам кітаппен басқа да ақпараттар жарық көрді.