Егер, махрамы болып, әйел қажылыққа бара алатын жағдайда болса, яғни оған парыз болса, онда күйеуі әйелін қажылық парызын жасауынан тоқтата алмайды. Себебі, бұл жағдайда қажылық әйелге де парыз болады. Отбасының бірлігін сақтау ислам діні тұрғысынан өте маңызды болғандықтан әйел кісінің күйеуінен рұқсат сұрауы ұнамды іс. Дегенмен, күйеуі рұқсат бермесе де, әйел қажылық парызын атқаруға оның рұқсатсыз аттана береді. Бірақ, умра қажылығын күйеуінің рұқсатынсыз мүлде атқаруына болмайды.