Германияның Католик шіркеуі 2026 жылдан бастап біржынысты некелерді қия бастайтынын ресми түрде жария етті. Мұндай шешім таяу күндері өткен Шіркеуді реформалау жөніндегі синод жиналысында қабылданды.
Жиынға қатысқан 202 адамның 176-сы біржынысты неке қиюды қолдап дауыс берсе, 14-і қарсы шықты. 12 адам қалыс қалды.
Осылайша епископтардың үштен екісінен астамының дауысы арқылы еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің үйленуіне діни тұрғыдан рұқсат беріліп қана қоймай, енді шіркеуде олардың некелерін қию рәсімі өткізілетін болып шешілді.
Енді тек неке қию рәсімін қалай өткізу керектігін шешу ғана қалып тұр.
Айта кетсек, Германияда Католик шіркеуін реформалау жөніндегі синод жиналысы 2019 жылдан бері жұмыс істейді. Олар Інжілде харам делінген істі де дауысқа сала отырып оп-оңай халалға айналдырып жіберетін “құдіретке” ие.