Имамға кейін келіп қосылған кісі ұмытып имаммен бірге сәлем беріп қойса жағдайға қарау керек. Егер кеудесін құбыладан бұрып қоймаса және намазды бұзатын сөз немесе әрекет жасап қоймаса, орнынан тұрып намазын келген жерден қайта жалғастырады. Соңғы отырыста сәһу, яғни қателік сәждесін жасайды. Осылайша намазын толық аяқтаған болады. Ал егер кеудесін құбыладан басқа жаққа бұрып қойса және намазды бұзатын сөз немесе әрекет жасап қойса, намазы бұзылады. Намазын қайта оқуы қажет.