Мәйітті жерлегенде сол адамның ақша салған қоржыны қабірге түсіп кетіпті. Алайда ешкім мұны байқамапты. Үйге келгенде қоржынның түсіп кеткенін түсініп, қабірге барып, қабірді ашады. Сөйтсе қабірде алаулап жатқан отты көреді. Дереу қабірдің үстін жауып үйіне қайтады. Жылап үйге кірісімен анасына:
— Анашым, қарындасымның қандай күнәсі бар маған айтып беріңіз, — дейді. Анасы жылап тұрып:
Балам, қарындасың намазда жалқаулық қылып, уақытында оқымайтын еді, дейді. Намазды кеш оқығанның халі осы болса, мүлде оқымайтын адамдарның халі не болмақ?