Ханафи мәзһабында тәямммум таза жер қыртысымен алынады. Бұған дәлел – Құрандағы «Ниса» сүресінің 43-аяты. Бұл аятта Алла тағала: «Таза жер қыртысымен тәяммум алыңдар…» деген. Жер қыртысына: топырақ, құм, тас, шаң, гипс, әк, сүрме ұнтағы, күшән (мышьяк) секілді нәрселер жатады. Ал қар болса жер қыртысына жатпайды. Ол табиғаттағы сулардың түріне жатады. Сондықтан, қарды ерітіп, суға айналдырып, сол сумен дәрет алуға болады. Ал, егер күн қатты суық болып, науқастанып қалу қаупі болса немесе су қолдану науқастығын асқындыратындай жағдайлар болса, жоғарыда аталған жер қыртыстарының бірімен тәяммум алуға болады.