Мысырда күн сайын COVID-19 вирусы жұқтырудың 1000-нан астам жағдайы тіркеле бастағандықтан, ел үкіметі сақтық шараларын бұзушыларға дереу айыппұл сала бастады.
Уақып министрі Мұхаммед Мохтар Гомаа карантин талаптарын сақтамаған кез келген мешіт жабылатынын және коронавирустың алдын алу бойынша өз міндеттерін орындамайтын мешіттің кез келген қызметкеріне қарсы қажетті шаралар қабылданатынын атап өтті.
“Адам өзі үшін немесе басқалар үшін қауіпсіздік талаптары сақтау мақсатында үйінде құлшылық етіп жатса, қазіргі жағдайда оның ешқандай да ағаттығы жоқ”, – деді Гомаа.
Бүгінде маскасыз жүрген азаматтарға 50 мысырлық фунт айыппұл салынады. Бұл мемлекеттік мекемелерде, банктерде және қоғамдық көліктің барлық түрлерінде, соның ішінде микроавтобустар мен таксилерде бетпердесіз жүргендерге қатысты. Ал өз көлігінде отырған адамдарға бетпердесін жүрулеріне болады.