Канада елінде StatsCan жүргізген діндарлық деңгейін анықтау мақсатындағы зерттеу жұмыстары көрсеткендей, мұсылмандар саны 1996 жылдан бері 3 еседен астам өсіп, елдегі қатары ең жылдам көбейіп жатқан дінге айналған.
“Әлеуметтік тұрғыдан қарағанда елдегі діни құрамның өзгерісін зерттеу қазіргі қорғам бетпе-бет келіп отырған кейбір мәселелерді жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді. Одан бөлек, халық санының артуы үшін діннің алар орны ерекше, себебі ол неке, ажырасу және туу көрсеткіші секілді маңызды демографиялық факторға әсер етеді”, – дейді сарапшылар.
1985 жылы Канадада мұсылмандарс аны тым аз болғаны сондай, федералды сауалнамада мұсылмандар “басқалар” деген азшылық топтардың ішіне қосылған. Ал Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында тіпті StatsCan агенттігінің негізін қалаған Доминион стратегиялық бюросы 1944 жылғы санақ анкетасынан “мұсылман” сөзін алып тастаған.
Ал бүгінгі таңда 38 миллион адам тұратын Канада халқының 1 миллионнан астамы, яғни 2,5 пайыздан астамы – мұсылмандар. Олардың басым бөлігі – сүнниттер.