Айша (р.а.) анамыз ораза тұтқан күні бір кедей жәрдем сұрап келеді. Үйінде бір жапырақ наннан басқа азық жоқ еді. Соған қарамастан қызметшісіне «Келген адамға үйдегі нанды бер» деді.
Қызметшісі: «Егер нанды берсек, кешкісін аш жатамыз» десе де Айша анамыз қоярда қоймай нанды әлгі кедейге ұсынды.
Кешкісін біреулер үйіне піскен ет пен нан әкелді. Айша (р.а.) қызметшісін шақырып алды да «Мә, бұл нан әлгі (бергің келмеген) нанның орнына келген нығмет» деді».
Құдайберді БАҒАШАР