Адам баласы қоғам ретінде өмір сүруге бейім жаратылғандықтан бір-біріне мұқтаж. Осындай мұқтаждық адамдардың бір-біріне жәрдемдесуін, бір-бірінің кем-кетігін толтыра отырып, үйлесім негізінде өмір сүруін талап етеді. Сондықтан да ислам діні жақсылық жасауды, өзара жәрдемдесуді әрі рухани әрі материалдық қырынан жан-жақты қолға алып, оны діни-моральдық жауапкершілік ретінде бекіткен. Құран Кәрімнің көптеген аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде бұл анық көрініс тапқан.
Алла Тағала:«Сендер адамдардың арасынан шығарылған қайырлы үмбет болдыңдар..» (Әли Имран, 110) деп, мұсылмандарды жақсылық жаршылары ретінде сипаттап, ұдайы жақсылық жасауға шақырған. Жаратқан иеміз көптеген аяттарында мұсылмандарға қарата: «Жақсылық жасаңдар, сонда нағыз жетістікке жетесіңдер (яғни, о дүниеде тозақ азабынан құтылып, шексіз нығметке бөленесіңдер)» («Хаж» сүресі, 77-аят), «(Кімге) қандай жақсылық жасаған болсаңдар, Алла тағала оны шүбәсіз біледі» («Бақара» сүресі, 215-аят), «Жақсылық атаулының қайсыбірін істесеңдер де, Алла тағала оны міндетті түрде біледі» («Бақара» сүресі, 197-аят), «Кімде-кім мысқалдай (тозаңның салмағындай) жақсылық жасаса, соның қарымын алады» («Зілзала» сүресі, 7-аят) деген.
Мейірімі шексіз Алла өз пенделерінің өмірінде ізгілік үстемдік ету үшін, түсірген иләһи бұйрықтары арқылы адамшылық қасиеттен жұрдай болып, адам деген ардақты атттан айырлып қалуға шақ қалған қоғамды Ардақты елші мен оның адал серіктерінің қажырлы еңбектерінің арқасында аз уақытта күллі адамзатты тәнті еткен «сахабалар жамағаты» тарих сахнасына шықты. Алла Тағала жақсылық жасауға шақырып қана қойған жоқ «Жақсылық жасауда өзара жарысыңдар» («Бақара» сүресі, 148-аят), «Олардың арасында Алланың қалауымен қайырлы істерде алдына жан салмайтын ізгі жандар да бар. Міне, (Алланың) ең үлкен шарапаты осы» («Фатыр» сүресі, 32), «Міне, осынау ізгі жандар жақсылықта, қайырлы істерде дамыл таппай шырқ ұрып жүреді, жақсылық жасауда бір-бірімен жарысады» («Муминун» сүресі, 61) деу арқылы ізгі бастамада өзара жарысуға ұмтылдырды.
Алла елшісі де (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Игі һәм сауапты іс жасауға асығыңдар» (Муслим, иман 186) деп үмбетін ізгілікке шақырды. Ардақты елші саналы ғұмырының бәрін адамзаттың бақыты үшін арнап, жар құлағы жастыққа тимей, Хақ Тағалаға қауышар алдында: «Мен міндетімді атқара алдым ба?» деп, пайғамбарлық уәзипасын қолынан келгенше атқарғанына үмбетінің куә болғанын қалады.
Жақсылық жолында жарыстың үлгісін сахабалар өмірінен де анық көреміз. Осыған қатысты әділдіктің рәмізіне айналған Омар (р.а.) басынан өткен бір оқиғаны былайша баяндайды: «Исламның кең таралуы үшін Расулалла бірде жәрдемдесуімізді бұйырды. Бұл менің байлығымның ең көп кезі еді. Ішімнен «Ей, осы бүгін Әбу Бәкірден озбасам ба» дедім. Мал-мүлкімнің жартысын Алла елшісіне әкеліп табыс еттім. Алла елшісі «Ей, Омар! Отбасыңа не қалдырдың?»,– деді. «Дүние-мүлкімнің жартысын қалдырдым»,– дедім.
Біраздан кейін Әбу Бәкір келді. Ол мал-мүлкін тегіс алып келген екен. Расулалла (с.ғ.с.) одан, «Ей, Әбу Бәкір, сен отбасыңа не қалдырдың?»,- дегенде оның жауабы мынау болды: «Оларға Алла мен Расулының сүйіспеншілігін қалдырдым». Мұны естіген мен «бұдан кейін жақсылық жасау жолындағы жарыста мен одан ешқашан да оза алмаспын» деп түйдім».
Қоғамда әділдік пен теңдік, өзара сыйластық пен мейірімділік үстемдік етіп, ізгілік орнау үшін Рақымды Алла Өзі нәсіп еткен байлықтың бір бөлігін мұқтаж жандарға таратып беру үшін зекетті парыз етті. Зекет ислам дінінің бес негізгі тіректерінің бірі ретінде қоғамдағы көптеген қажеттіліктердің орнын толтырып, түйіткелдерді шешуде үлкен рөл ойнайды. Алайда зекет дүние-мүліктің белгілі бір бөлігін ғана қамтыса, иманымыздың айнасы, жомарттықтың нышаны саналатын садақаның мөлшері адамның дарқан көңіліне тапсырылатын іс.
Алла елшісі (с.ғ.с.)өнегелі өмірінде жомарттықтың керемет үлгісін көрсетті. Ол ақиқатты жаюда да жомарттықты асыл құрал ете білді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)үшін бір адамның мұсылман болуынан асқан бақыт жоқ еді. Тіршіліктегі соңғы дәм-тұзы таусылғанға дейін Оның жүрегінде дүниеге деген зәредей де құмарлық болмады. Пайғамбарымыз жасағандарын тек қана Алла үшін жасап, ниетін таза ұстады. Біреуге үйіп-төгіп дүние-мүлік берсе де, ол туралы жан адамға тіс жарып айтпады. Осы жомарттығымен көптеген адамдарды исламға тартты. Солардың бірі – кезінде Пайғамбарымыздың дұшпаны болған Сафуан. Хунәйн шайқасына шығарда Пайғамбарымыз одан қарыз алды. Шайқас біткеннен кейін мұсылмандарға көп олжа түсті. Сол олжаларды көріп қызыққан Сафуанға қалағанынша мал-мүлік берді. Алла елшісінің ерекше жомарттығын көрген ол қауымына барып: «Уа, халқым, тегіс исламға кіріңдер! Өйткені, Мұхаммед теңдессіз жомарттық көрсетті. Мұны тек қана кедейліктен қорықпайтын және Аллаға толық сенген адам ғана бере алады!» – деген-ді[3].
…Бір бәдәуи Пайғамбарымыздан мал-мүлік сұрады. Пайғамбарымыз сұрағанын берді. Тағы да сұрап еді, тағы да берді. Үшінші рет сұраған кезде жаннаттың гүлзары (с.ғ.с.) қолында ешнәрсесі қалмағандықтан тауып беруге уәде берген-ді.
Алла елшісі өзінен гөрі өзгенің бақытына көбірек алаңдады. Осы бір ұлы тұлғаның арқасында мұсылмандардың ырысы артып, аз уақыттың ішінде-ақ әлемдегі ең бай елге айналды. Тіпті, елде садақа мен зекет беретін адам таба алмайтын күйге жетті. Жеке адам басына шаққанда түсетін табыс өте жоғары болды. Соған қарамастан олардың арасында өте қарапайым, тақуа ғұмыр кешкен адамдар да бар еді. Пайғамбарымыздың тәлім-тәрбиесі мен бүкіл әлемді қамтитын мейірім толы құшағында өскен адал сахабалар да өз өмірлерін басқалардың бақыты үшін арнады. Осы мақсатта Пайғамбарымыз: «Жомарт – Аллаға, жаннатқа және халыққа жақын, жаһаннамнан алыс. Сараң – Алладан, жаннаттан және ел-жұрттан алыс, жаһаннамға жақын»[4]деп мұсылмандарды қоғамшыл болуға баулыды.
Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім мүмін бауырының осы дүниедегі бір уайым-қайғыдан құтылуына себепкер болса, Алла тағала оны қиямет қайымның қайғы-мұңдарының бірінен құтқарады. Кімде-кім қарызданып қысылған адамға түсіністікпен қарап, ісін жеңілдетсе[5], Алла тағала оның ісін екі дүниеде де жеңілдетеді. Кімде-кім мұсылман бауырының айыбын жасырса, Алла тағала екі дүниеде де оның айыбын жасырады. Сондай-ақ, Алланың құлы мұсылман бауырына жәрдем етуін тоқтатпайынша, Алла тағала да құлына жәрдем етуін тоқтатпайды» деген (Муслим, зикр 38).
Сахабаның дінге деген адалдықтары мен ыстық ықыластары теңдессіз еді. Алла Тағала қалай бұрық беріп, Пайғамбар қалай тәлім етсе, айна қатесіз солай жасайтын. Жақсылық жолында жарысып, адамзат үшін шығарылған хайырлы үмбетке «Жақсы көрген дүниелеріңнен (яғни, бір бөлігін болса да) Алла жолында жұмсамайынша, ізгілікке қол жеткізе алмайсыңдар»(«Әли Имран» сүресі, 92-аят) деген аят түскен кезде олар ең жақсы көрген нәрселерін Алла жолында, қоғам игілігі үшін беруге асықты.
Хадис жинақтарында келген мына оқиға бұған керемет мысал бола алады. Сахаба Әнәс (р.а.) былай дейді: «Ансарлардың Мәдинадағы құрма бақшаларының басым бөлігі Әбу Талханың (р.а.) еншісінде еді. Оның ең сүйікті дүниесі Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мешітіне қарама-қарсы орналасқан Бәйруха атты құрма бағы болатын. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сол бақшаға жиі барып, балдай тәтті суынан ішіп тұратын еді», – деді.
Әнәс (р.а.) әңгімесін жалғастырып: «Құранның «Жақсы көрген дүниелеріңнен Алла жолында жұмсамайынша, ізгілікке жете алмайсыңдар»[6] – деген аяты түскенде, Әбу Талха Алла елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келіп: «Уа, Расулалла! Алла тағала сізге «Жақсы көрген дүниелеріңнен Алла жолында жұмсамайынша, ізгілікке жете алмайсыңдар» – деген аятты түсірді. Менің ең жақсы көретін дүнием – Бәйруха. Енді оны Алла Тағаланың разылығы үшін садақа етіп беремін. Алла Тағаланың құзырында оның жақсылығын көруді, әрі мен үшін сауап қоры болуын тілеймін. Уа, Алланың елшісі! Сіз соны қабыл алып, Алланың қалауы бойынша пайдаланыңыз», – деді. Сонда Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған: «Бәрекелді, жарайсың! Мол табыс әкелетін дүние, міне, осы», – деп екі қайтара айтып, «Сенің айтқаныңды естідім (яғни, шынайы ықыласыңды көрдім). Алайда оны жақын туыстарыңа бөліп бергенің дұрыс болады деп ойлаймын», – деді. Сонда Әбу Талха (р.а.): «Уа, Алланың елшісі! Ендеше, айтқаныңыз болсын, солай істейін», – деді де, бақшаны ет жақындары мен немере аға-інілеріне үлестіріп берді», – деп айтты (Бұхари, зәкәт 44; Муслим, зәкәт 42).
Иә, сахабалардың дәл осылай жасағандығына қатысты өзге де риуаяттар хадис жинақтарында жетерлік. Сахабалар осы аятқа сай іс-әрекет жасау үшін біреулері құлдарын азат етті, енді бірі қолындағы барды садақа етсе, енді бірі өзінен кейін келетіндерге ұдайы пайдасы тиіп тұру үшін дүние-мүліктерін Алла жолына атап кетті. Осылайша Пайғамбарымыздың кезеңінен бастап қазіргі күнге дейін мұсылман жұртшылығы арасында уақып (қайырымдылық қорлары) қызметі жалғасын тауып келеді. Иә, Жаратқан Жаппар Иеміз: «Жақсы көрген дүниелеріңнен Алла жолында жұмсамайынша, ізгілікке жете алмайсыңдар» деп мұсылмандарды ең жақсы көрген нәрсесін беруге шақырды. Сонымен қатар: «Алланың өздеріңді үнемі көріп тұратынын қаперлеріңде ұстап, тек игі істер істесеңдер, өздерің үшін жақсылық істегендерің. Ал керісінше, жамандық атаулыға бой алдырсаңдар, оны да өздеріңе істеген боласыңдар» («Исра» сүресі, 7) деу арқылы жасалған жақсылықтың адамдардың өзіне қайтатынын білдірді. Қайырымдылық қорлары қоғамның кез келген саласын қамтып, көмекке зәру жандардың қажеттіліктерін өтеп, қоғам өмірін жақсарту жолында үлкен рөл ойнайды.
Исламда адамзаттың игілігі үшін жасалатын садақаны «садақа жария» деп атайды. Осы орайда Пайғамбарымыз: «Адам қайтыс болған кезде мына үш кісінің тысындағылардың іс-әрекеттерінің бәрі тоқтайды: Артынан садақа жария (сауабы үздіксіз жалғасатын садақа) қалдырған, елге пайдасы тиетін ғылым қалдырған және өзіне дұға жасап тұратын салиқалы перзент қалдырған адам» (Муслим, Уасия, 14) деу арқылы мұсылмандарды осы дүниеде де ақыретте де ұдайы пайдасы тиетін ізгі істер жасауды әдетке айналдыруға тәрбиеледі.
Иә, үздіксіз жалғасып тұратын, пайдасы адамзатқа тиетін садақаның түрі өте көп. Қоғамдағы сауатсыздықтың жойылуына жол ашатын ұрпақ тәрбиелеу мақсатында бала-бақша, мектеп, мешіт, медресе, университет салу, адамдардың тұрмысын жақсарту жолында ауыз су тарту, көпір, жол, аурухана салу т.б. секілді көптеген ізгі шараларды тізбелей беруге болады.
Әбу Мұса әл-Әшғариден (р.а.) жеткен хадисте: «Бірде Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Садақа беру – әрбір мұсылманның міндеті», – дегенде, Әбу Мұса: «Егер садақа беретін жағдайы болмаса ше?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Өз қолымен еңбек етіп, бір жағынан, өзіне пайда келтіріп, екінші жағынан садақасын береді», – деп жауап берді. Әбу Мұса: «Ал егер оған да мүмкіндігі болмаса ше?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Таршылық көрген мұқтажға қолұшын созсын», – деді. Әбу Мұса үшінші рет: «Бұл да қолынан келмесе не істейді?» – деп сұрады. Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Онда адамдарды жақсылыққа (немесе қайырлы іс жасауға) шақырсын», – деді. Әбу Мұса тағы да: «Егер бұл да қолынан келмесе ше?» – деді. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Ендеше жамандық атаулыдан бойын аулақ ұстасын, өйткені ол да садақа», – деп жауап берді» – делінген (Бұхари, зәкәт 30; Муслим, зәкәт 55).
Осы хадистен аңғарғанымыздай жақсылық жасауға мүлдем шамасы жетпейтін адамның ешкімге тілімен де қолымен де зиян тигізбеуі садақа (жақсылық) ретінде қарастырылған. Жамандық жасамаудың өзін жақсылыққа бағана асыл дініміз ізгілікке, жақсылыққа қаншалықты мән бергенін анық көрсетеді.
Жақсылық пен қайырымдылық тек дүние мүлік арқылы емес, қажет кезде қолмен, қажет кезде тілмен жасалады. Жасалатын жақсылықы атаулының бәрі садақаға жатады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Кез келген жақсы іс – садақа» деген. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жылы сөз де садақа», – деген.» (Бұхари, әдәб 34; Муслим, зәкәт 56). Зекет беруден бастап жылы сөз бен жылы шырайған дейінгі нәрсенің бәрі садақа ретінде саналған ислам дінінің өзара көмектесудің шеңберінің қаншалықты кең екеніне көз жеткіземіз.
Қоғамның, адамдардың пайдасы үшін жасалған кез келген жақсылық – садақа. Тіпті жамандық жасамаудың өзі жақсылық. Жетімнің басын сипау, мұқтажға көмектесу, туған-туыс, көрші-қолаң, дос-жаранның жағдайын сұрап, көңілдерін аулау, үлкендерге көмектесіп, кішілеге демеу болу иә жақсылықтың жолдары өте көп. Тек соны ниет ете білетін таза жүрек пен ыстық ықыласы болса, жетерлік.
Ардақты елші (с.ғ.с.) тағы бір хадисінде: «Кімде-кім Исламда бастама көтеріп, қандай да бір игі іске мұрындық болса, өзінен кейін сол істі істегендердің алған сауабындай сауапқа кенеледі. Одан кейін сол игі істі істегендердің сауабы титтей де кемімейді» деген (Муслим, зәкәт 69).
Адамның ардақтылығы мен абыройы оның қоғамды түзету жолында тартқан қиындықтары мен соларды еңсеру жолындағы ерен еңбегіне қарай бағаланады. Осы ретте Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Адамдардың арасында олардың азаптарына көніп, олармен бірге болған, олардың ыстығына күйіп, суығына тоңған мұсылман олардан оқшау тұрып қиындықтарына төзе алмаған мұсылманнан артық мол сауап алады»[7], деген хадисі мұсыланға ой салады. Мұсылманның мақсаты Алла разылығы үшін қызмет жасау және қол жеткізілетін ең жоғарғы дәреже Алланың разылығы екендігінде ешқандай дау жоқ. Өз кезегінде оның жолдары өте көп.
Алла Тағаланың назарында жақсылық ретінде жазылатын кез келген іс-әрекет қайырымдылыққа жатады. Басқаша айтсақ, Алланың разылығы үшін жасалатын кез келген әрекетті осы категорияда қарастыра аламыз. Ол өз кезегінде шынай көңіл, таза жүрек арқылы жасалуы қажет. Жақсылық жасау діннің және діндарлықтың керемет жемісі.
Мейірімі шексіз Алла Тағаланың ислам дінін жіберудегі басты мақсатты адамды екі дүниенің жақсылығына жеткізу. Осы жолда жасалған кез келген қадам жихадқа жатады. Жиһадты тек қана соғыс деу оның мағынасын шектеу. Оның мағынасы батыс пен шығыстың арасы секілді өте кең. Ол өз кезегінде орынды айтылған сөз, танытылған жылы шырай, қажет жағдайда үндемеу, қиналғанға демеу көрсету, аманатқа қиянат жасамау, өтірік айтпау т.б. істер, қысқаша айтқанда Алла разылығын көздеп жасалған кез келген әрекет жиһадқа жатады. Қолға қару алып күресу жихадтың бір кішкентай бөлігі ғана. Сондықтан, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) адамның кемелденуіне тосқауыл қоятын нәпсімен күресті ең үлкен жихад деп санаған. Қолға қару алып күресу белгілі бір уақытта аяқталады, ал адамның бойындағы қызғаншақтық, көреалмаушылық, сараңдық, тәкаппарлық, мақтаншақтық т.б. секілді жағымсыз сипаттарын жойып, кемшіліктерімен күресу жан алқымға келгенге дейін жалғасатындықтан бұл күрес үлкен жихадқа баланған.
Қайырымдылық пен жақсылық тек қана материалдық көмекпен өлшенбейді. Оған өзге адамдар үшін жасалған кез келген игілікті істер жатады. Күле қараудың өзі садақа, көңіл сұрау, жан-жануарға жанашырлық таныту, жолда жатқан бір кедергіні алып тастаудың бәрі осындай жақсылық істердің қатарына кіреді.
Исламды қайырымдылық ен мейірімділік, жақсылық тан тыс қарастыру мүмкін емес. Жақсылық жасау адамның күнәларының өтемі саналады. Сондықтан мұсылмана баласы ұдайы жақсылық жасаудың соңында жүреді. Тіпті жоғарыда айтылғандай ең жақсы көрген нәрсесін Хақ жолында жұмсап, қоғам тіршілігін жақсарту жолында жарысады.
Материалдық құндылықтар бірінші кезекке шыққан қазіргі таңда исламның садақа беру және жақсылық жасауға ұмтылдырған бұйрықтары мен кеңестері үлкен маңызға ие. Алла Тағаланың өзі сипаттағандай мұсылман жамағаты «Сендер адамдар үшін шығарылған қайырлы үмбетсіңдер» деген иләһи сөздердің мағынасын ешқашан ұмытпай, адамзат бақыты жолында еңбек ету ең үлкен абырой, ең үлкен жихад екенін ешқашан естен шығармау қажет. Алла елшісінің ғибратты ғұмырына көз жүгірткен кезде мұны нақты көре аламыз. Оның өмірінде шайқастардың алған орны өте санаулы ғана, ал адамзат бақыты үшін жасаған жақсылықтары мен ізгіліктері соңғы деміне дейін жалғасқан.
Алау ӘДІЛБАЕВ,
теология ғылымының докторы
[1] «Әнбия» сүресі, 107
[2] «Юнус» сүресі, 57
[3] Муслим, Фәда’ил, 59; Ибн Хәжар, Исабә, 2 т.,1887; Муснәд, 6/465; Кәнзу’л-Уммәл, 10/505; Ибн Һишам, Сирә, 4/137.
[4] Тирмизи, Бирр, 40
[5] Яғни, қарызын кешсе немесе асықпай күтсе.
[6] «Әли Имран» сүресі, 92-аят
[7] Тирмизи, Қияма, 55; Ибн Мәжә, Фитән, 23

Ассалаумағалейкум рахматуллахи уа баракатух! Мен Алладан осы қажетімді сенің разылығыңмен сұрап отырмын деп бастайын , уа Алланың жаратқан мүсылман пенделері мен қазір мен үшін қиын жағдай қарызға қатты көбейтіп алдым , біреуін жабам екіншісін жабам деп қарыз ала бердім , енді қатты көбейтіп алдым , Алла разылығы үшін маған қарызды жабуыма жәрдем бере аласыздар ма?