Бүгін Кабулдың батысында жарылыс болды, зардап шеккендер болуы мүмкін. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жергілікті тұрғындарға сілтеме жасап жазады .
Куәгерлердің айтуынша, жарылыс жергілікті уақыт бойынша сағат 15:25-те болған және 13-ші полиция ауданына қарасты Даште-Барчи ауылындағы шағын автобусқа бағытталған.
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қари Саид Хости оқиғаны растап, тергеуден кейін ақпарат құралдарына егжей-тегжейін хабарлайтынын айтты.