Күндердің күнінде Омаядтар халифатында Сүлеймен ибн Абдумалик деген кісі болыпты. Ол қашанда өзінің ұзын бойына, көрікті жүзіне тамсанып, өзін өзгелерден жоғары санап, әдемілігі мен әсемдігін халыққа айтумен жүріпті. Содан бір күні айнаның алдына қарап өз-өзіне:
– Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар болды. Абу Бакр өте шыншыл адам болды. Омар Ибн Хаттаб өте батыр адам болды. Осман ибн Аффан өте білімді болды. Ал, мен қазіргі жастардың ішінде ең көрікті әрі әдемі тұлғасы боламын, – деп өзіне тағы бір сүйсініпті.
Содан көп ұзамай бір айдан кейін Абдумаликке жұрттың көзі тиіп, өмірден кенет өтіп кетіпті. Мұны көрген Усама ибн Шағар деген ғалым осындай көз-тілден сақтану үшін жергілікті халыққа әрдайым Құран аяттарын оқып жүруге кеңес берген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы