Күндердің күнінде бір бақташы болыпты. Оның бағында қашан да жүгері өте сапалы әрі жайқалып өседі екен. Бұған қоса ол дәл осындай жүгерінің дәнегін көрші үйлерге беріп, олардың да бағында жүгерінің шығуына көмектеседі екен. Содан бірнеше уақыт өткеннен кейін әлгі бақташы көршінің бағындағы жүгерілердің түбін босатып, баптап жатады. Бұның әрекетіне таңданған басқа ауылдың адамы келіп:
– Сен біреудің бақшасында не істеп жүрсің? Өз бақшаңда жұмыс бітіп қалды ма? деп сұрайды. Сонда бақташы:
– Жоқ, мен өз бақшаммен бірге көршілердің де бақшасы жақсы жеміс беруін қалаймын. Себебі, көршінің көңілі тоқ болса мен де тыныш өмір сүремін. Өмірде де дәл солай. Егер кімде кім жақсы өмір сүргісі келсе айналасындағы адамдарға қарайласу қажет. Қашан да қол ұшын беруге дайын болуы керек. Өйткені, айналадағы адамдар жақсы көңілде өмір сүрсе ол да болса көңілді ғұмыр кешуге ықпал етеді. Себебі, біз адамдар бір бірімізбен өте тығыз байланыстамыз, деген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы