Ардақты пайғамбар Мұхаммедтің (с.ғ.с.) көркем мінез жайында әйгілі 4 хадисі:
«Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірген болса жақсы сөйлесін немесе үндемесін!».
«Өзіне қатысты болмаған нәрсеге көңіл аудармау – мұсылмандықтың көркем қасиетінен».
Пайғамбарға (с.ғ.с.) бір сахаба: «Маған жақсы өсиет (кеңес) айтыңыз!», – дегенде оған пайғамбар (с.ғ.с.): «Ашуланба!» деп үш рет сұрағанда да осылай жауап берген.
Алланың елшісі (с.ғ.с.) бірде сахабаларына: «Өзіне ұнамды істі өзге бауыры үшін де шынайы ұнатпайынша толық иман келтірген болып саналмайды», деген.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы