Құрбандық шалған адамға құрбандық малының терісін қолдануына рұқсат етілмейді. Тіпті, ақшасын садақа етуді көздесе де оны сатуға болмайды. Сондай-ақ, теріні қасаптың қолақысы ретінде де беруіне жол жоқ. Құрбан малының терісі тек қана мұқтаж жандарға садақа ретінде берілуі тиіс. Ол жөнінде ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хазреті Әлиге: «Терісі мен бас бауларын садақа етіп тарат. Оны қасаптың қолақысына беруші болма» деп өсиет еткен .
Ершат ОҢҒАРОВ,
доктор PhD,
исламтанушы