– Бірге болсын, Дидар! Алла Тағала шалған құрбандығыңзды қабыл етсін! Сіз құрбанды уақытында шалғансыз. Шариғатта құрбан шалудың уақыты құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін басталып, айттың үшінші күні ақшамға аз уақыт қалғанға дейін жалғасады. Осы уақыттың ішінде құрбан шалу – міндет. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) құрбан шалудың уақытын бірнеше хадисте атап өткен. Бәрә ибн А’зибтің риуаяты бойынша: «Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Біздің бұл күнде алғашқы жасайтын ісіміз – намаз оқу, сосын қайтып келіп, құрбанымызды шалу. Кім осылай істесе, біздің сүннетімізге ергені. Ал, кімде-кім бұдан бұрын құрбанын шалатын болса, бұл құрбанының отбасына берілген еттен айырмашылығы жоқ. Ол құрбандыққа жатпайды», – делінген. Басқа бір хадисте: «Кімде-кім намаздан бұрын құрбанын шалса, қайтадан шалсын», – деп, намаздан бұрын шалынған малдың құрбандыққа есептелмейтінін ескертеді.