Жауап: Қазіргі таңда біз оқып жүрген Құрандағы аяттар санының 6236 екенін бірден айта кетейік. Оның тәртібі мен жүйесі Куфа мектебі ғалымдарының әзірет Алидің Пайғамбарымыздан (с.а.с.) риуаят еткен нұсқаға сүйенеді.
Құранның аяттарының толықтығы, бірдейлігіне қатысты ешқандай мәселе жоқ. Құранның аяттары толықтай мәлім. Тек Құран аяттарының санының нақты қанша екеніне қатысты ғалымдардың көзқарастары әр түрлі бола келген. Оның өзіндік себептері бар. Соларға қысқаша тоқтала кетейік.
Құран ең алғаш кезден бастап дәл қазір біз оқып жүргендей 30 параға бөлінген, нүкте, үтірі мен харекеттері қойылған түрде емес еді. Ол белгілер оқуды, түсінуді жеңілдетіп, реттеу үшін кейін қойылған. Мәселен, Құранды ашқанда оның аяттарының орнын білдіретін домалақ белгілер бар. Кей ғалымдар осы екі домалақ белгінің арасындағы сөйлемдер бір аят десе, енді беруелері оны бірнеше аятқа санаған.
Шафиғи ғалымдары сүрелердің басындағы «бәсмаланы» (Бисмиллахи-р-Рахманир-Рахимді) сүренің ішіндегі бір аят деп есептесе, ханафи ғалымдары оны бөлек есептеген.
Сол секілді кейбір сүрелердің басында келетін «Алиф-Ләмь-Миим», «Иа-Син», «Та-ха» т.с. секілді «хуруф әл-муқаттаға» әріптерін біреулер бөлек аятқа санаса, басқалар оны бөлек аят деп есептемеген.
Құранда кездесетін «Лә», «тоқтамай оқып өтіп кет» деген белгі болған жерлерді кей ғалымдар бөлек аят деп санаса, басқалар оны бөлек аят демеген. Осы секілді себептерге байланысты ғалымдар Құран аяттарының санын әр түрлі есептеген. Мәселен, Ибн Аббас 6616, Нафи 6217, Шәйбә 6214, Мысыр ғалымдары 6226, Замахшари, Хузәйма секілді ғалымдар 6666 деген.
Әсілінде жер бетіндегі Құрандарда қандай да бір айырмашылық жоқ. Сүрелері, аяттары бәрі белгілі. Алла тағала о баста оны сақтайтындығына кепілдік берген әрі Өзі қандай да бір өзгеріске жол бермей қорғап, қазірге дейін дін аман сақтаған.
Бала тілеп емшілерге бару немесе Бала тілеп Арыстан баб не болмаса Кожа Ахмет Ясауи кесенелеріне барып дуга тилек каншадыкты дурыс
Мүлдем дұрыс емес. Баланы үйде отырып та тілей беруге болады.
Саламатсыздарма менин колымда Алланың жазуы бар енди мен не истеум керек акылдарынызды айтсаныздар
Сәлеметсіз бе! Ол үшін мешітке барып ақыл срасаңыз болады.