Адам (ғ.с.) – Адамзаттың атасы. Аллаһ тағала топырақтан жаратқан. Жұбайы етіп Хауаны жаратып, екеуі де жұмақта өмір сүріп, Ібілістің азғыруымен тиым салынған ағаштағы жемісті жегендері үшін жәннаттан шығарылып, жерге түсірілген. Адам ғалапһи уә салламның есімі Құранда 25 жерде кездеседі.
Аюп – пайғамбар Ибраһимнің (ғ. с.) ұлы Исхақтан тараған ұрпақ. Жаратқан Иеміз оған бақ-дәулетті үйіп-төгіп, бала-шағасын көп етіп, сынына алады. Денсаулығы да күшті болады. Ол оған асқақтамай, Тәңіріне тәубе етуден танбай, хақ жолына бар күш-қайрат, байлығын жұмсайды. Аллаһ бақ-дәулеттен жұрдай етіп, ауру азабын тартқыздыртса да назаланбайды. Әйелі Рахима Жүсіп пайғамбардың ұрпағы еді. Сынынан мүдірмей өткені үшін Аллаһ оларға тағы да 24 ұл береді. Аюп Рум еліне пайғамбарлыққа жіберіліп, 93 жыл өмір сүреді. Құранда есімі төрт жерде айтылады.
Жәуіт – Исраил қауымынан. Жас кезінде бір соғыста Жалутпен жекпе-жекке шығып, оны жеңеді. Оған риза болған Бәни Исраилдің әміршісі Талут (Шәул) қызына үйлендіреді. Талут қайтыс болған соң 30 жасында патша тағына отырып, 40 жасында өзіне пайғамбарлық қонады. Раббымыз Дәуітке көктен самауи (көктен түскен) төрт кітабтың бірі – Забурды түсіреді. Забур – Аллаһтың бірлігін, ұлылығын дәріптейтін, өлең ұйқасты мадақ (қасида) кітабы, Дәуіт (ғ. с.) әсем дауыспен оқып, жан-жағын талай рет тебірентіп, толқытқан.
Аллаһ тағала бойына дарытқан өнер – темір қорыту, оны қамырдай илеген, қару-жарақ, сауыт-сайман соққан. Сүлеймен пайғамбар осы Дәуіттің ұлы. Ибну Жадридің айтуынша, Дәуіт жүз жасаған. Құранда есімі 16 рет айтылады.
Закария – Исраил әулетіне жіберілген пайғамбарлардың бірі. Арғы тегі Ибраһим (ғ. с.) пайғамбардан. Жақия (Яхия) пайғамбар – Закарияның ұлы. Құранда есімі жеті жерде ауызға алынады.
Зұлқарнаин – Мупасрлер оны әйгілі Ескендр Зұлқарнаин десе, кейбіреулері ол Иемен патшаларының бірі дейді, өзгелер Аллаһ әрі патшалық, әрі хикмет, ғылым беріп, ерекше жарылқаған жақсы пендесі деген пікір айтады, енді біреулер Зұлқарнай Ескендір емес, ол грек тәңіріне сенген, философияны Аристотелден үйренген. Құрандағы Зұлқарнайын Аллаһқа сенген адам деп дауласады. Құранда есімі үш жерде кезігеді.
Зулкафил – тарихшылар Аюп пайғамбардан туған, әкесінен кейін пайғамбар болған кісі, десе, кейбіреулер оны пайғамбар емес, бәни Исраилден шыққан білімдар, жақсы адам деп қарсы шығады. Пайғамбарларға есімі тіркеліп айтылады, Құранның «Әнбия» сүресінде де солай баяндалған.
Салих – самудтықтарға жіберілген пайғамбар. Арғы тегі Нұх пайғамбардың баласы Самнан тарайтын әулеттен. Самуд – ежелгі ғад, журһум, медиян, каһстан тәрізді араб тайпаларының басын біріктірген қауым. Пұтқа табынған. Аллаһ оған пұтқа табынбай, самудтықтарды тура жолға бастауға жібереді. Пайғамбарын тыңдамай, күнәға қатты батқан қауымы киелі аруананы өлтіргеннен кейін үш күн өткенде аспаннан жауған қара тастан опат болады (5000 отбасы), Сахихқа ерген 120 адам ғана аман қалып, ол кейінгі өмірін Палестинадағы Рәміл деген жерде өткізеді. Есімі Құранда 9 рет айтылады.
Сүлеймен – бәни Исраил пайғамбары, Аллаһ пайғамбарлық та, патшалық та берген. Әкесі Дәуіт қайтыс болғанда 12 жасынан таққа отырған. Құстың тілін білетін, желді, жындарды жұмысқа қосатын керемет қасиеті (мұжизасы) болған. Сүлеймен патша болысымен іргетасын әкесі Дәуіт пайғамбар қалаған Баитл Мұхаддас төрт жылда салынып бітеді. Ибн Схақ риуаятында Сүлейменнің 52 жылғы қысқа ғұмырының 40 жылын патшалықпен өткізгені баяндалады. Құранда есімі 10 рет айтылады.
Шұғайып – пайғамбар. Ұлы бабасы – Ибраһим пайғамбар, шешесі Луттың (ғ.с.) қызы, пайғамбарлық Луттан кейін келіп, Медиян халқына тағылым таратқан. Хижазда өмір сүрген. Есімі Құранда 11 жерде айтылады.
Ғұзаир – Я һуди ғұламаларының бірі. Есімі Құранның бір жерінде ғана бар.
Иса – Хазіреті Мариямның ұлы, Исраилден шыққан соңғы пайғамбар, жанама есімі – Масих (құтты, берекелі деген мағынаны білдіреді). Інжілде – «Иесу» деп жазылған. Құранның 25 жерінде – Иса, 11 жерінде Масих, 23 жерінде Ибну Мариям деп аталған. Мұхаммедтен (с.ғ.с.) 569 жыл бұрын, Қайсар Аугустос патша заманында, 24 желтоқсан, сейсенбі күні өмірге келген. Хазіреті Мариямға Аллаһтың төтелей берген рухы саналады. Туғанына 8 күн болғанында Мариям ғибадатханаға апарып, сүндетке отырғыздыртады. Сүндет – Ибраһимнен (ғ.с.) қалған жол. Інжілде 30 жасында пайғамбар болғаны айтылады. Оған түскен кітап – Інжіл. Пайғамбарлық қонып, хақ дінді 3-ақ жыл дәріптеген. Хауариондарының (серіктерінің) саны 12 адам ғана болған. Інжіл – еврейше қуанышты, хош хабар деген сөз. Яһудилер Исаны өлтіре алмаған. Құранның «Ниса» сүресінде бұл жөнінде былай деп айтылған: «Анығында олар Исаны өлтірген де, креске таңған да жоқ еді. Дегенмен, олардың екідей қалғаны рас (түрі Исаға ұқсаған) бір адамды өлтірген соң, соны Иса деп санады. (Сөйтіп) істің анығын білмей, болжамды малданған. Ал Исаның өлтірілмегені ақиқат болатын».
Лут – Ибраһимнің (ғ.с.) туысқаны Һарунның ұлы, Ибраһим дінін қабылдап, ұзақ жыл қарым-қатынаста болған, Аллаһ тағаланың бұйырығымен Иорданиядағы Сәдум қаласына пайғамбарлыққа жіберілген адам. Есімі Құранда 27 жерде айтылады.
Лухман – Хакім (Лұқпан Хакім), Езар әулетінен, Аюп пайғамбардың нағашы анасынан туады. Ғылымы мол, ойы терең, жолы тура. Ұлына айтқан ақыл-кеңесі Құранда баяндалған, қасиетті кітапта есімі екі рет аталады, ұзақ өмір сүрген.
Мариям – Исраил әулетінен шыққан Ғимран деген ғұламаның қызы, есімі Құранда 34 жерде ауызға алынады, Иса пайғамбарды туған.
Мұса – Ғимранның ұлы, ата-тегі – Жақын пайғамбардың немересі Лауиден тарайды. Мысыр перғауыны (патшасы) Уалид ибну Мусхан заманында өмірге келген, пайғамбар, жүз жастан артық тірлік кешіп, сынада көз жұмған, Есімі Құранда 136 жерде кезігеді.
Нұһ – пайғамбар. Онымен Адам (ғ.с.) атаның арасында мың жыл өткен деп пайымдайды. Құранда 43 рет есімі аталады. Кезінде пұтқа табынатын қауымға пайғамбар етіп жіберген-ді. Әлемді топан су қаптағанда Нұһ (ғ.с.) пайғамбар Аллаһтың бұйырығымен жасаған кемесіне өзіне иланатын адамдарынан басқа жан-жануарлардың еркек-ұрғашысынан бір-бір жұптан отырғызып, апаттан аман-сау алып қалады. Сол себепті оны «Адамзаттың екінші атасы» деп те атайды. Кемесі Дежла дариясына таяу «Жуди» тауының төбесіне тоқтаған. Қазақ аңызында Нұһ пайғамбардың кемесі қалған жер – Қазығұрт тауы. Топанға дейін 950 жыл өмір сүрген Нұһ пайғамбар одан кейін де біраз ғұмыр кешеді.
Һарон – Ғимранның ұлы, Мұса пайғамбардан үш жасқа үлкен, бірге туған ағасы, Исраил әулеттеріне пайғамбарлыққа жіберілген. Шешен болған. 122 жыл өмір сүрген, Мұса пайғамбардан 11 ай бұрын қайтыс болған деп баяндалады бір риуаятта.
Һүд – Нұһ (ғ.с.) пайғамбардың Сам тармағынан тарайтын әулеттің ұрпағы, есімі Құранның жеті жерінде кезігеді. Пайғамбарлығы үлкен ұлыс – Ғад қауымында өтеді. Ғад қауымы Нұһты да, Һүдты да мойындамай ұрып-соққандықтан, ол қарғап, бәддұғасын (қарғысын) Аллаһ тағала қабыл алып, үш жыл бойы Ғад қауымының жеріне жауын жауғызбай, егіндерін қуаңшылыққа, малдарын жұтқа ұшыратқан. Ғад қауымы күйреп, Һүд пайғамбар Хазра Маутты мекендеп, сол жерде фәниден бақиға көшеді.
Ибраһим – Нұһ (ғ.с.) пайғамбардың Сам тармағынан, туған жері – Бабл. Онымен Нұһтың арасы да мың жыл. Таза, тура, инабатты болып өскен, пұттарды бала кезінен жек көрген. Пұттарды талқандағаны үшін ызалы Намрут Ибраһимді отқа тастағанда, Құдайдың қағып алуымен жанбай, аман қалған. Әйелінің есімі – Сара, кейін Ажарға үйленген. Одан Смағұл туған. Ибраһим пайғамбар мынандай бірнеше балама атпен аталады: «Меймандар атасы», «Халилулла» (Аллаһтың досы), «Пайғамбарлар тасы». Риуаяттарда 175 жыл өмір сүргені айтылады, Аллаһ Ибраһимге «Сухуф» кітабын түсірген, ол Құранда бір сүремен баяндалады.
Самағұл – Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардың үлкен ұлы, Ажардан туған. Аллаһ тағала Ибраһимге жалғыз ұлың – Смағұлды құрбандыққа шаласың деп, түсінде аянмен әмір етеді, оған баласы да көнеді. Ол баласын құрбандыққа шалғалы жатқанында оған Раббымыз риза болып, әмірін тоқтатады да, көктен құрбандыққа көк қошқарды түсіреді. Исламияттың ұлық мерекесі – Құрбан айтты осыдан қалған дейді, теологтар. Смағұл әкесі Ибраһиммен бірге Қағбаны салысады, ішіне «Хажр әсуатты» (Қасиетті қара тасты) орналастырады. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар Ибраһимнен тараған әулет. Құранның 12 жерінде есімі аталады.
Исхақ – Ибраһим (ғ.с.) жүз жасқа келгенде, бәйбішесі Сара егде тартқанда Аллаһ тағала сыйға тартқан ұрпақ. Бәни исраилден шыққан соңғы пайғамбарлардың атасы Исхақ Шам, Палестина жеріндегі қанғандарға пайғамбарлық қызмет атқарған. Аллаһ тағала екі ұлы Жүсіп, Жақыпқа да пайғамбарлықты берген. 180-ге келіп қайтыс болған. Қанғандағы Ибраһим (ғ.с.) жерленген үңгірге қойған, есімі Құранның 17 жерінде бар.
Әл Ясағ – Бәни Исраил пайғамбары. Құранда пайғамбарлар қатарында айтылған. Илья пайғамбар қайтыс болғанда шариғатын жалғастырған кейбір деректерде Сириядағы Бәнияс қаласында пайғамбарлық міндетін атқарғандығы әңгімеленеді.
Жақып – Исхақ пайғамбардың ұлы, бір есімі – Исраил. Кейбір деректерде Палестинада туылғаны жазылған. 12 ұлы болған, Исраилдың он екі тайпасы солардан тараған. 147 жасында қайтыс болады. Мәйіті әкесі Исхақтың Палестинадағы зиратында. Есімі Құранның 17 жерінде айтылады.
Жүсіп – Жақып пайғамбардың ұлы. Бәни Исраилдың атақты пайғамбары. Жүсіп «Сыддық» – «Шыншыл Жүсіп» деп те аталады. Құранның «Жүсіп» сүресінде оның көрген түсі, ағаларының өзіне жасаған қастығы, Мысыр әмірінің үйіндегі оқиғалар тегіс баяндалған. Жүсіп (ғ.с.) 110 жыл өмір сүрген, Мысырда көз жұмған. Есімі Құранның 27 жерінде бар.
Жүніс – пайғамбар. Есімі Құранда «Жүніс» деп төрт жерде, «Зұнұн» деп екі жерде айтылады. Бабасы – Жақыптың (ғ.с.) ұлы Бенямин. Ирактағы Нынуай деген жерге пайғамбар етіп жіберіледі.
Әзар – Ибраһим пайғамбардың әкесі. Пұт жасап, пұтқа табынған. Есімі Құранның «Әнғам» сүресінде кезігеді.
Әбулаһап – Мұхаммедтің (с.ғ.с.) әкесінің інісі, шын аты – Ғабділғұзза. Туысы бола тұра пайғамбарға жау болып, әйелі де Аллаһ елшісін сыртынан өсектеп жамандаған. Аллаһ екеуіне де зауал келтіріп, көзін жойды. Бұл оқиға «Мәсад» сүресінде баяндалған.
Та-һа – Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың қадірлі есімдерінің бірі.
Хауариун – Иса пайғамбардың сенімді шәкірттері, Құранның екі жерінде кезігеді.
Һарут пен Марут – екі періште. Адамдарды сынау үшін Аллаһ Куфе жеріндегі Бабл қаласына түсірген. Міндеттері – адамдарға сиқырлық құпиясын үйрету.
Самри (Ассамари) – сиқыршы ұста.
(Ислам энциклопедиясы, ҚЭ Бас редакциясы, Алматы, 1995 жыл; Қазақстан Ұлттық энциклопедия, ҚЭ Бас редакциясы, Алматы, 2004 жыл, 6 том; Құран Кәрім, Қазақша мағына және түсінігі, аударған Уаһап қажы Қыдырханұлы, Дәуір, Алматы, 2002 жыл; Фетхуллаһ Гүлден, Мұхаммед пайғамбар, Алматы, «Көкжиек-Б», 2008 жыл; Мұхитдин Исаұлы «Пайғамбарлар падишасы Әз-Мұхаммед, Алматы, «Нұр-Мүбарак», 2012 жыл, кітаптары бойынша әзірленді).