Күндердің күнінде мен әкемді ертіп кино көруге үйден шықтық. Кинотеатрдың алдында касса болатын. Кассаға жақындап билет алуға кезекке тұрдық. Біздің алдымызда жұпыны киінген бес балалы ерлі-зайыпты кісілер тұрды. Әйелі балаларына қайта-қайта қарап, киноға кіретіндерін айтып қуаныштарын жасыра алмай тұрған. Содан әлгі отбасының кезегі келді.
Кассир:
– Сіздер қанша адамсыздар?, деп сұрады.
– Екі үлкен кісі және 5 балаға билет керек, деп сұрады отағасы. Кассир жалпы билеттің құнын атады. Оны естіген күйеуінің түрі сұрланып, ақшасы жетпейтінін біліп, ынғайсыз жағдайда қалғанын байқадық. Әкем екеуміз бірден түсініп, отбасының алдында абыройсыз қалмасын деген мақсатпен әкем банкомат картасындереу жерге тастап, әлгінің иығынан қағып:
– Кешіріңіз, сіз банкомат картаңызды жерге түсіріп алдыңыз, деп алып береді.
Ол дереу түсініп, картамен бірге әкемнің қолын қатты-қатты қысып, сыбырлап ризашылығын білдіріп жатты.
Содан біз әкем екеуміз картадағы бар ақшамызды әлгі отбасына беріп, киноға кірместен үйге қарай бет алдық. Жолда әкем маған:
– Балам, біз бүгін кино көруден де игі іс жасадық. Бүгінгі күніміз бекер өтпеді, деген екен.
Жалғас Асхатұлы