Алла елшісіне бір адам келді де:
– Қап, күнәларымның көптігі-ай! – деп күйіне берді. Пайғамбарымыз оған:
– «Алла тағалам, Сенің мейірімің мен кешірімің менің күнәларымнан үлкен. Рақымың маған қателерімді кешер деген үміт береді» деп айт, – дейді.
Бейтаныс мұны сөзбе-сөз қайталады. Алла елшісі тағы да қайталауын сұрады. Ол тағы қайталады. Алла елшісі тағы бұйырды. Жігіт тағы қайталады. Сонда Алла елшісі жігіттің иығына қолын қойып:
– Тұра ғой, мейірімді Алла сенің күнәңді кешірді, – деді.
Құдайберді БАҒАШАР