Бұны естігенде Алла тағала: «Əй, Мұса! Бұның бəрі өзің үшін: намаз – сенің жол көрсетушің, ораза – қалқаның, садақа – өзіңе көлеңке, сəждедегі айтқан тəсбихтарың – жұмақта өзіңе саялы ағаш болады. Кітабымды оқуың сəнді са- рай мен хор қызына қолыңды жеткізеді. Мені еске алуың өзіңе сəуле болып жарығын төгеді. Ал сонда таза Мен үшін не істедің?».
Бұны естігенде, Мұса пайғамбар сасқалақтап: «Уа, Алла Тағалам! Сен үшін жасалатын амал болса, білдірші, мен соны жасайын?» деп сұрайды. Сонда Ұлы Жаратушы: «Əй, Мұса! Мен үшін біреуді өзіңе дос тұтып, басқаны жек көре білдің бе?!» деді. Сонда барып Мұса пайғамбар (а.с.) Алла Тағала жақсы көрген пендесін жақсы көріп, жек көрген пендесін жек көрудің қаншалықты маңызды екеніне көз жеткізді.
Құдайберді БАҒАШАР