Аты айтып тұрғандай мешіттің қай елді-мекенде екенін аңғару қиын емес. Құба мешіті – Ислам дінінде ерекше орынға ие. Алла елшісі (с.ғ.с.) оқтын-оқтын Құба мешітіне барып намаз оқып тұратын. Ол шақтарда мешітте көбінесе Әбу Хузайфаның қызметшісі Сәлим имам болатын. Абдулла бин Омардың (р.а.): «Әбу Хузайфаның қызметшісі Сәлим Құба мешітінде алғашқы мұхажирлер мен Пайғамбар сахабаларына имам боп намаз оқитын. Сахабалар ішінде Әбу Бәкір, Омар, Әбу Сәләма, Зайд және Амир бин Рабиға болатын[1]»,-деген риуаяты бар.
Құба мешітінің Пайғамбар (с.ғ.с.) жүрегінде ерекше орны болғандығын Абдулла бин Омар (р.а.):
«Алла елшісі (с.ғ.с.) Құба мешітіне көлікпен немесе жаяу келіп екі ракағат намаз оқитын[2]»,-деп жеткізеді. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
«Құба мешітіндегі намаз ұмраға (кіші қажылыққа) тең»,-деген.
Пайғамбарын (с.ғ.с.) ерекше ардақтаған мұсылман үмбеті бұл мешітті қажеттілік туындаған кезде кеңейтіп, көркейтіп отырған. Бүгінде, Құба мешіті нұрлы Мәдина шаһарының ең көрнекті орындарының бірі. Мәдина қаласына Пайғамбар мешітін зиярат етіп келген мұсылмандар Құба мешітінде намаз оқып шығуды игі дәстүрге айналдырған.
KazIslam.kz