Зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, ер адам тәулігіне 6 сағаттан кем немесе 9 сағаттан артық ұйықтаса, бұл оның әке болуына айтарлықтай кедергі келтіреді екен.
Бостон университеті мамандары 21-45 жас аралығынағы 695 ерлі-зайыптылар арасында тәжірибе жүргізді. Олар ер адамның ұйықтау ұзақтығын бақылап, әр 8 аптада жұбайларының жүкті болу көрсеткіштерін тіркеп отырды.
Зерттеу нәтижесінде ұзақ ұйықтау жағдайында балалы болу мүмкіндігі 43 пайызға төмендейтіні белгілі болды. Осылайша ер адам тәулік ішінде 9 сағаттан артық ұйықтаса оның артына ұрпақ қалдыру мүмкіндігі 42 пайызда ғана құрайды.
Kazislam.kz