Нигерия армиясы ISWAP террор ұйымына қарсы операция жасады, деп TRT агенттігі хабарлайды.
Нигерияның солтүстік-шығысында ISWAP террор ұйымына қарсы операцияда 38 террорист залалсыздандырылды.
Әскери ақпарат көздері жасаған мәлімдемеге қарағанда Борно штатының Аскира аймағында ISWAP-тық террористтер 4 сарбазды өлтірген соң үкімет күштері ауқымды операция бастады.
Операцияда араларында террор ұйымы басшысы да бар 38 террорист залалсыздандырылып, ұйымға тиесілі лагерь бомбаланды.