Сұрақ: Исламның ел бірлігі үшін пайдасы бар ма?
Жауап: Полиэтносты Қазақстан халқы үшін дәстүрлі исламның рухани әлеуеті мен құндылықтары ұлтаралық татулық пен дінаралық келісім мәдениетіне ықпалы зор. Себебі, ислам діні мұсылман дінін ұстанатын халықтардың рухан-имани өрлеуі мен қайта жаңғыруында басым және жетекші рөл атқарады. Сөйтіп, мұсылман халқын өзге конфессия және этностармен бейбіт ғұмыр кешуге шақырады.
Сондай-ақ, Ислам діні ел бірлігі концепциясын насихаттайды. Ашық дереккөдеріндегі ақпаратқа сәйкес елдің 70 % – нан астамын мұсылман халқы құрайды. Бұл халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары тслами құндылықтармен біте қайнасқан. Мысалы, мейірім, достық, бауырмашылық, махаббат сияқты т.б. құндылықтар Исламдағы бірлік пен бауырластық мәселелеріндегі маңызды қасиеттердің бірі. Сол себепті мұсылмандар өзін жақсы көргені сияқты басқаларын да жақсы көріп, оған жәрдем беруге ұмтылады. Өйткені исламда ізгілікке үндейтін аят пен хадистер жетерлік. Мұсылман адам осындай насихаттарға құлақ салып, соған сәйкес амал жасайды. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Сендердің ешбірің өзі жақсы көрген нәрсесін бауыры үшін де жақсы көрмейінше толық иман келтірмейді», – деп айтқан (Бұһари).
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ